Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-параграф. Аурухана жанындағы мектептер қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет12/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

6-параграф. Аурухана жанындағы мектептер қызметінің үлгілік қағидалары


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
239. Аурухана жанындағы мектептер Қазақстан Республикасының Білім 
беру саласындағы заңнамасына сәйкес құрылады. Аурухана жанындағы мектеп 
ұзақ уақыт емделіп жатқан балаларға 1-11 (12) сынып аралығында білім алу 
құқығын береді.
240. Аурухана жанындағы мектептің қызметі мектеп Жарғысымен және осы 
Үлгілік ережелермен реттеледі, ол Қазақстан Республикасының Лицензиялау 
туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.
241. Аурухана жанындағы мектептің білім беру процесі бекітілген Үлгілі 
оқу жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігінің құрамына кіретін және 
нақты ұйымның ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспары 
мен бағдарламаларын әзірлеуді мектеп дербес жүзеге асыруға құқылы.
242. Аурухана жанындағы мектепте сабақтар аптасына 5 рет (сенбі және 
жексенбіден басқа) өткізіледі, апталық оқу жүктемесі реттеледі (аптасына 3 
сағаттан 20 сағатқа дейін).
243. Аурухана жанындағы мектепте оқыту жалпы білім беретін мектептерде 
білім алушылар айналысатын оқулықтар мен бағдарламалар бойынша жүзеге 
асырылады. Аурухана жанындағы мектептерде оқулықтармен қамтамасыз ету 
мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
244. Аурухана жанындағы мектепте оқыту нысаны білім алушының 
денсаулық жағдайына сәйкес анықталады: Жеке (негізгі аурудың ауырлығына 
қарай) немесе сыныптық-сабақтық.
245. Аурухана жанындағы мектепте білім алушыларға жеке іс ресімделеді 
және оқуға қабылдау туралы бұйрық шығарылады.
246. Ауруханалар жанындағы мектептерде сыныптық, өзіндік және бақылау 
жұмыстары жүргізіледі, білім алушылардың білімі бағаланады, ал тоқсан 
аяқталғаннан кейін тоқсандық бағалар қойылады.
247. Оқу жылы аяқталғаннан кейін 1-8 (9) сынып білім алушыларына 
жылдық және қорытынды бағалар қойылады және мектеп бойынша бұйрықпен 
келесі сыныпқа ауыстырылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
248. 9, 11 (12) - сыныптардың білім алушылары қорытынды мемлекеттік 
аттестаттауға мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында қатысады. Емтихан 
және қорытынды бағалардың қорытындысы бойынша білім алушыларға 
мемлекеттік үлгідегі құжаттар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет