Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
3) нарықтық еңбек талаптарына сай өндірісте оқыту, теориялық білім мен
өндіріс арасындағы қарым-қатынасты байланыстыра отырып, білім жүйесін
дамыту;
4) еңбек нарқы және қоғамдық талаптардың өзгеруіне байланысты заманауи
бейімделуге себеп болатын, білімде жаңа технологияларды тиімді қолдану және
енгізу;
5) оқушылардың интернатта тұруына қауіпсіз және ыңғайлы жағдай жасау.
309. Мектептер-интернаттар-колледждер орта білім беру ұйымдары жоқ
ауылды жерде тұратын білім алушыларды қабылдауды қамтамасыз етеді.
310. Мектептер-интернаттар-колледждерде білім алушыларға академиялық
демалыс тағайындау білім саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жүзеге асырылады.
311. Мектептер-интернаттар-колледждер "Білім туралы" Заңына сәйкес
ұйымның оқу-тәрбие процесінде, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, оқу-
әдістемелік, қаржы-шаруашылық қызметтінде дербес.
312. Медициналық персонал оқушылардың денсаулығын сақтау және
нығайту, алдын-алу іс-шараларын өткізу, мектептер-интернаттар-колледждердің
санитарлы-гигиеналық жағдайын қадағалау, оқушылардың тәуліктік мекендеуін
есепке ала отырып, гигиенаға негізделген жұмыс кестесін ұйымдастыруды
қамтамасыз етеді.
313. Мектептер-интернаттар-колледждерді сәйкес құрал материалды
техникалық жабдықтау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге
асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: