Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы
нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в
электронном виде
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары негізінде әзірленген қосымша
білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыру;
3) жалпы орта білім алуда білім алушылардың
жайлы және қауіпсіздік өмір
сүру жағдайын қамтамасыз ету болып табылады.
291. Интернаттық білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесі Жалпы орта
білімнің жалпы орта білім беретін бағдарламаларын іске асыратын білім беру
ұйымдарының үлгілік қағидаларына және осы Үлгілік қағидаға, ішкі тәртіптің
жарғысы мен қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
292. Медицина қызметкері балалардың денсаулығын нығайту бойынша
профилактикалық
іс-шараларды өткізуді, интернаттық ұйымдардың санитарлық-
гигиеналық жай-күйі мен тамақтануды бақылауды, балалардың келуіне орай
жұмыстың гигиеналық негізделген режимін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
293. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің
мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 320 қаулысына
сәйкес оқушылар киіммен,
аяқ киіммен, жұмсақ мүкәммалмен, жеке гигиеналық заттармен, оқулықтармен,
ойыншықтармен қамтамасыз етіледі.
294. «Білім туралы» Заңының 6-бабына сәйкес балалардың ерекше жеке
қажеттіліктерін ескере отырып, мектеп-интернаттарын материалдық-техникалық
қамсыздандыру,
жағдай тудыру, жарақтандыру және жабдықтау жергілікті
атқарушы органдармен іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: