Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет27/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57
Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметінің үлгілік 
қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бiлiм туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі 
Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – «Бiлiм туралы» Заң) 5-
бабының 11-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және мамандандырылған білім 
беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Мамандандырылған білім беру ұйымы-мамандандырылған жалпы білім 
беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын ұйымдар.
3. Мамандандырылған білім беру ұйымы өз қызметін Қазақстан 
Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына
сондай-ақ осы Қағидаларға және олардың негізінде әзірленген жарғыға сәйкес 
жүзеге асырады. Жарғыны мамандандырылған білім беру ұйымы әзірлейді.
4. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының мақсаты – серпінді дамып 
келе жатқан ортада өзін өзі белсендіруге дайын бәсекеге қабілетті тұлғаны және 
дарынды балалардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдайларды 
қамтамасыз ету.
5. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының міндеттері:
1) тереңдетілген білім беруді іске асыру;
2) елдің зияткерлік әлеуетін сақтау және көбейту;
3) дарынды балаларды оқытудың дараландырылған сипатын және білім 
алушылардың мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын сапалы игеруін 
қамтамасыз ету;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
4) дарынды балалардың өзіндік, жобалық және зерттеу іс-әрекетінің 
дағдыларын жетілдіру;
5) ұлттық мақтаныш, азаматтық абырой, Отанға, өз халқына деген 
сүйіспеншілік сезіміне ие азамат пен патриоттың әлеуметтік белсенді тұлғасын 
қалыптастыру.
6. Мамандандырылған білім беру ұйымының мынадай бағыттары бар: 
жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық, экономикалық, 
технологиялық, музыкалық, хореографиялық, көркем-эстетикалық, әскери, 
спорттық.
7. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының түрлері Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 
50 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 8390 болып тіркелген) Білім беру ұйымдары түрлерінің 
номенклатурасында көзделген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет