Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары



Pdf көрінісі
бет29/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57
Байланысты:
171200 kaz 20221006

Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан 
әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – 
«Бiлiм туралы» Заң) 5-бабының 11-1) тармақшасына және «Кемтар балаларды 
әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және 
арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) – белгiленген тәртiппен расталған, туа 
бiткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулардан немесе жарақаттардың 
салдарынан тiршiлiк етуi шектелген, дене және (немесе) психикалық кемiстiгi бар 
он сегiз жасқа дейiнгi бала (балалар);
2) ерекше білім беруді қажет ететін адамдар (балалар) – тиісті деңгейде 
білім алу және қосымша білім алу үшін арнаулы жағдайларға тұрақты немесе 
уақытша қажеттілік көріп жүрген адамдар (балалар);
3) білім алу үшін арнаулы жағдайлар – ерекше білім беруді қажет ететін 
адамдардың (балалардың), сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың оларсыз 
білім беру бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, оқу, сондай-ақ арнаулы, 
жеке дамыту мен түзеу-дамыту бағдарламаларын және оқыту әдістерін, 
техникалық, оқу және өзге де құралдарды, тыныс-тіршілік ортасын, 
психологиялық-педагогикалық қолдап отыруды, медициналық, әлеуметтік және 
өзге де көрсетілетін қызметтерді қамтитын жағдайлар;
4) ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті 
арнаулы жағдайларды айқындау;


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
3. Арнайы білім беру ұйымдары өз қызметінде Қазақстан Республикасының 
Конституциясын, «Білім туралы» Заңды және осы Қағидаларды басшылыққа 
алады.
4. Арнайы білім беру ұйымдарына «Бiлiм туралы» Заңның 5-бабының 5-1) 
тармақшасына сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына 
сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта 
білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын, «Білім туралы» Заңның 5-
бабының 5-1) тармақшасына сәйкес түзету-дамыту бағдарламалары негізінде 
әзірленген арнайы оқу бағдарламаларын, «Білім туралы» Заңның 43-бабының 6-2) 
тармақшасына сәйкес психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және 
консультация беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары жатады.
5. Арнайы білім беру ұйымы дербес заңды тұлға болып табылады және 
«Бiлiм туралы» Заңның 6-бабының 2-тармағының 6) тармақшасына және 3-
тармағының 5-тармақшасына сәйкес құрылады.
6. Зердесі қалыпты балалар оқитын орта білім беру ұйымдарының арнайы 
сыныптарында білім беру қызметін бейін бойынша педагогикалық білімі бар 
педагогтер жүзеге асырады.
Интеллектуалды жеткіліксіздігі бар балалар оқитын аранйы сыныптарда 
білім беру қызметін бейін бойынща педагогикалық білімі бар мұғалімдер жүзеге 
асырады.
Түзету компонентінің сабақтарын арнайы педагогтар жүргізеді.
Аутизм (аутистік спектрдің бұзылыстары) бар балаларды қолдау 
орталығында (бұдан әрі – аутизм орталығы) арнайы психологиялық-
педагогикалық қолдауды аутизм орталығында оқытудан өткен педагогтер 
көрсетеді.
Арнайы білім беру ұйымдары (арнайы мектеп-интернаттар) тәрбиешілерінің 
педагогикалық білімі болады.
7. Білім алу нысандары (үйде оқыту, еркін қатысу және жеке бару) 
біріктірілген
8. Білім беру сапасын қамтамасыз ету және арнайы білім беру ұйымдарында 
жеке және сараланған тәсілді іске асыру үшін білім алушылардың ерекше білім 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
алу қажеттіліктерін бағалау жүргізіледі. Білім алушылардың ерекше білім 
берілуіне қажеттіліктерін бағалауды педагог, психолог, логопед, педагог-
дефектолог, клиникалық педагог жүзеге асырады
9. Білім алушыларды басқа арнайы білім беру ұйымдарына ауыстыру 
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (бұдан әрі – 
ПМПК) қорытындысы мен ұсынымының негізінде ата-аналарының (заңды 
өкілдерінің) келісімімен жүзеге асырылады.
10. Әлеуметтiк-тұрмыстық бағдары бойынша факультативтiк сабақтар 
өткiзу кезiнде сынып педагогикалық кеңестің шешімімен екi топқа бөлiнедi. 
Қоғамға пайдалы өндiргiш еңбектi ұйымдастыру кезiнде бесінші сыныптан 
бастап, білім алушылардың еңбекке даярлығы бейiнiн ескере отырып, сынып 
топтарға бөлінеді.
Кәсіби-еңбекке үйрету жөнiндегi сабақтар үшін сыныптар, бесінші 
сыныптан бастап, ал ақыл-ой кемістігі бар балалар үшiн төртінші сыныптан 
бастап екi топқа бөлiнедi.
11. Арнайы білім беру ұйымдарында дәрі-дәрмекпен және физиотерапевтік 
емдеу, климатотерапия және шынықтыру, емдік дене шынықтыру, массаж және 
психотерапия жүргізіледі.
12. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Білім 
беру ұйымын алқалық басқару нысандары педагогикалық, қамқоршылық және 
әдістемелік кеңестер болып табылады.
13. Арнайы білім беру ұйымдары жергілікті жағдайларға байланысты 
қосалқы шаруашылықтар, оқу-тәжірибелік учаскелер, оқу-өндірістік 
шеберханалар құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет