Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-тарау. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі



Pdf көрінісі
бет28/57
Дата06.10.2022
өлшемі1,22 Mb.
#41673
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57
2-тарау. Мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметінің тәртібі
8. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын құру «Бiлiм туралы» 
Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдары өз қызметін «Бiлiм туралы» Заңның 57-бабына сәйкес берілген 
лицензияның негізінде жүзеге асырады.
10. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметін жүзеге асыру 
үшін жоғары білікті кадрлардың, қажетті материалдық-техникалық базаның және 
тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз етудің және білім беру процесін ғылыми 
сүйемелдеудің болуы қажет. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды 
оқыту үшін олардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қажетті жағдайлар 
жасалады.
11. Мамандандырылған білім беру ұйымына қабылдау тәртібі Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 
564 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу 
тізілімінде № 17553 болып тіркелген) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің 


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына 
оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
12. Мамандандырылған білім беру ұйымдарында білім беру процесін 
ұйымдастыру мамандандырылған білім беру ұйымдары үшін үлгілік оқу 
жоспарлары негізінде әзірленген үлгілік оқу жоспарлары бойынша жүзеге 
асырылады.
13. Мамандандырылған білім беру ұйымы жұмыс оқу жоспарын және 
мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады.
Оқу жұмыс жоспарларын мамандандырылған білім беру ұйымының 
басшысы бекітеді және білім беру саласындағы атқарушы органдармен келісіледі.
14. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім алушылардың 
сұраныстарына және кадр әлеуетінің мүмкіндіктеріне сәйкес бейіндік пәндер, 
сондай-ақ таңдау бойынша курстар, элективті курстар және мамандандырылған 
компонент ішіндегі білім салаларын айқындайды.
15. Мамандандырылған білім беру ұйымдарына саралап және жекелеп 
оқыту міндеттерін шешу, оқушылардың зерттеушілік қызығушылығын дамыту 
үшін әрбір бейіндік пән бойынша әр сыныпқа аптасына 4 сағат есебінен қаражат
және оқушылырдың шығармашылық және зерттеушілік қызметін дамыту 
бойынша жеке сабақтан тыс жұмыстар үшін әр сыныпқа 0,25 ставка және шарт 
негiзiнде жоғары білікті мамандарға жекелеген курстар мен дәрістерге ақы төлеу 
үшін мектепке жылына 1500 сағат есебiне қаражат бөлiнедi. Таңдау бойынша 
факультативтік сабақтар мен курстар топтарда кемінде 10 адам болған кезде 
өткізіледі.
16. Мамандандырылған білім беру ұйымдарының әрбір деңгейдегі сынып-
жиынтықтарының және сыныптардағы білім алушылардың саны тиісті жағдайлар 
болған кезде қалыптастырылады.
17. Қазақ (орыс тілінде оқытылатын сыныптар үшін) және орыс (қазақ 
тілінде оқытылатын сыныптар үшін) тілдерін, ақпараттық-есептеу техникасының, 
ритмика, хореография, музыка, дене тәрбиесі, технология, көркем пәндер 
негіздерін оқу, сондай-ақ бейіндік пәндер бойынша зертханалық, практикалық 
жұмыстарды жүргізу кезінде сыныптарды 2 топқа, шет тілдерін және шетел 
тілінде оқытатын пәндерді оқыту кезінде 3 топқа бөлуге рұқсат етіледі.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
18. Жалпы орта білім беру деңгейінде таңдау бойынша пәндерді 
(тереңдетілген деңгей) шет тілінде оқу кезінде сыныптарды 2-3 кіші топқа бөлуге 
рұқсат етіледі.
19. Сыныптарды қосымша бөлу жүйесі, икемді вариативтік кесте, деңгейлік 
бөлу жүйесі, консультациялар және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта 
білім беру деңгейінде бейіндік саралауды жүзеге асыру мамандандырылған білім 
беру ұйымының толық күн режимінде жұмысын талап етеді.
20. Мамандандырылған білім беру ұйымдарындағы сабақ кестесі білім 
алушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалуы үшін 
ұзақтығы жеткілікті үзілісті көздейді.
21. Мамандандырылған үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім 
беру ұйымдары білім алушылар мен тәрбиеленушілерде патриоттық тәрбиені, 
айналасындағыларға толерантты көзқарасты, іскерлік қарым-қатынас 
дағдыларын, тамақтану мәдениетін, оның ішінде теңгерімді дұрыс тамақтануды 
және табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуды насихаттау арқылы 
қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
22. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті 
органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған ақпарат алмасуды және 
деректерді өзектендіруді қамтамасыз етеді.
Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті 
органның ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимыл регламентін бекітуді 
қамтамасыз етеді.
23. Мамандандырылған білім беру ұйымын басқару Қазақстан 
Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға, мамандандырылған білім беру 
ұйымының жарғысына және құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
24. Педагогикалық, оқу-әдістемелік, қамқоршылық кеңестер 
мамандандырылған білім беру ұйымының алқалық басқару нысандары болып 
табылады.
25. Тікелей басшылықты «Бiлiм туралы» Заңның 44-бабының 3) 
тармақшасына сәйкес және қамқоршылық кеңесінің келісімі бойынша 
тағайындалатын басшы жүзеге асырады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
26. Мамандандырылған білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі 
«Бiлiм туралы» Заңның 45-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
27. Мамандандырылған білім беру ұйымының басшысы «Бiлiм туралы» 
Заңның 45-бабының 5) тармақшасына сәйкес аттестаттаудан өтеді.
28. Материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді, оқу-тәрбие 
процесін ұйымдастыру мәселелері бойынша мамандандырылған білім беру 
ұйымы шарттық негізде өзінің қызмет бағытына сәйкес жоғары оқу орындарымен 
және ғылыми мекемелермен өзара іс-қимыл жасайды.
29. Мамандандырылған білім беру ұйымдарын қаржыландыру «Бiлiм 
туралы» Заңның 62-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
30. Мамандандырылған білім беру ұйымының қызметін қаржыландыру:
1) мемлекеттік - жергілікті және республикалық бюджет қаражаты;
2) «Бiлiм туралы» Заңның 63-бабына сәйкес ақылы білім беру қызметтерін 
көрсетуден және басқа да қызмет түрлерінен алынған қаражат есебінен жүзеге 
асырылады.
31. Мамандандырылған білім беру ұйымы білім беру саласындағы уәкілетті 
және жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша, сондай-ақ өз бастамасы 
бойынша бюджеттен тыс қаражат есебінен халықаралық қызметке қатысады.
32. Мамандандырылған білім беру ұйымы оқыту, тағылымдамадан өту, 
тәжірибе алмасу, семинарлар, конференциялар, олимпиадалар, конкурстар 
жұмысына қатысу бойынша халықаралық қызметті жүзеге асырады.
33. Мамандандырылған білім беру ұйымын қайта ұйымдастыру және тарату 
«Бiлiм туралы» Заңның 6-бабының 6) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.


Редакциялау күні
31.08.2022
Сақтау күні
06.10.2022
Дата редакции
31.08.2022
Дата скачивания
06.10.2022
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
20222 жылғы 31 тамыздағы
№ 385 бұйрығына
6-қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет