Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


Жекелеген техногендік сәулелену көздерінен халықтың сәулеленуіне



Pdf көрінісі
бет25/39
Дата21.04.2023
өлшемі0,86 Mb.
#85431
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39
Байланысты:
150105 kaz 20230419

Жекелеген техногендік сәулелену көздерінен халықтың сәулеленуіне 
квоталар белгілеу бойынша нұсқаулық
1. Квоталар белгілеудің мақсаты бірнеше радиациялық объектілерден 
сәулеленуге ұшырайтын халық үшін Гигиеналық нормативтерде белгіленген 
халықтың техногендік сәулелену дозасының шегінен (1 мЗв/жыл) асыруға жол 
бермеу және оңтайландыру қағидатына сәйкес халықтың техногендік көздерден 
сәулеленуін төмендету болып табылады.
2. І санаттың радиациялық объектілерінің жобалық құжаттамасында 
объектінің қалыпты жұмысы кезінде халықтың сәулеленуіне квоталар 
айқындалады.
3. Квоталар объектінің байқау аймағында тұратын халықтың сындарлы 
топтарының сәулеленуінің жеке тиімді орташа дозасының шамалары үшін 
белгіленеді.
4. Квоталар радиациялық объектіні қалыпты пайдалану кезінде 
санитариялық-қорғаныш аймағының шектерінен тыс халықтың сындарлы 
тобының сәулеленуі маңыздылығы ең аз шамадан – 10 мкЗв/жыл артуы мүмкін 
барлық радиациялық факторлар (ауаға шығарындылар, суға тастандылар) үшін 
белгіленеді.
5. Квотаның мөлшерлері халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз 
етудің қол жеткен деңгейін ескере отырып радиациялық объектідегі сәулелену 
көздерін қалыпты пайдалану есебінен халықтың сындарлы топтарының ықтимал 
сәулелену деңгейінің жоғарғы шегін сипаттауы тиіс.
6. Әртүрлі сәулелену көздерінің квоталар жиынтығы Гигиеналық 
нормативтерде белгілеген халықтың сәулелену дозасының шегінен аспауы тиіс. 
Халық үшін дозаның шегі мен квоталар жиынтығы айырмашылығының шамасы 
халықтың техногендік сәулелену көздерінен радиациялық қауіпсіздігінің 
дәрежесін сипаттайтын резерв ретінде қарастырылуы тиіс.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
7. Квоталардың мәндері жекелеген радиациялық факторлардың 
(санитариялық-қорғаныш аймағының шекарасындағы сәулелену дозасының 
қуаты, шығарындылар мен төгінділер қуаты, қоршаған орта объектілеріндегі 
радионуклидтер құрамы) рұқсат етілетін деңгейлерін есептеу үшін қолданылады.


Редакциялау күні
15.12.2020
Сақтау күні
19.04.2023
Дата редакции
15.12.2020
Дата скачивания
19.04.2023
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
«Радиациялық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қойылатын
санитариялық- эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына 5-қосымша
Нысан
БЕКІТЕМІН
__________________________________
(Радиациялық объектінің басшысы)
___________________ _______________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
_________________________
(күні)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет