Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету



Pdf көрінісі
бет3/9
Дата21.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#39678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
6-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін қамтамасыз ету
1. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс беруші 
педагогке ол кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды 
қоспағанда, оны кәсіптік міндеттерімен байланысты емес жұмыс түрлеріне 
тартуға;
2) одан Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында 
көзделмеген есептілікті не ақпаратты талап етіп алдыруға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделмеген тексерулер 
жүргізуге;
4) оған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша міндетті 
жүктеуге жол берілмейді.
3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерін олар кәсіптік 
қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік емес ұйымдардың іс-шараларын 
өткізуге тартуға жол берілмейді.
7-бап. Педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтары
1. Кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде педагогтің:
1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 
талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен 
нысандарын еркін таңдауға;
2) лауазымды адамдар және басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан 
және кедергі келтіруден қорғалуға;
3) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге де 
заңды өкілдері тарапынан кәсібіне құрметпен қаралуына және тиісінше мінез-
құлық көрсетілуіне;
4) кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық және 
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге және қажетті жағдайлардың 
жасалуына;


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге 
асыруға, педагогтік практикаға жаңа әдістемелер мен технологияларды енгізуге;
6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының 
талаптары сақталған кезде шығармашылық бастамаға, оқыту мен тәрбиелеудің 
авторлық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеуге және қолдануға, оқыту мен 
тәрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген әдістерін дамытуға және таратуға;
7) білім беру бағдарламасына сәйкес оқыту мен тәрбиелеудің оқу 
құралдарын, материалдарын және өзге де құралдарын таңдауға;
8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің 
әдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, 
оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарын әзірлеуге қатысуға;
9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануға және оны 
атқаруға;
10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру 
ұйымының қызметіне қатысты мәселелерді талқылауға қатысуға;
11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына 
қатысуға;
12) бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруға;
13) үздіксіз кәсіптік дамуға және біліктілікті арттыру нысандарын таңдауға;
14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуіне;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке 
педагогтік қызметке;
16) кәсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуге;
17) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әскери қызметке шақыруды кейінге 
қалдыруға;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен және 
шарттарда кәсіптік дағдыларын сақтап-тұру және арттыру үшін «Болашақ» 
халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуге;


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне
әрекеттеріне және шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе 
сотқа шағым жасауға;
20) білім алушылар, тәрбиеленушілер және олардың ата-анасы немесе өзге 
де заңды өкілдері тарапынан ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне 
құқығы;
21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары 
бар.
2. Педагогтің осы баптың 1-тармағында көзделген құқықтарын жүзеге 
асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет