Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-бап. Осы Заңның қолданылу саласы



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата21.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#39678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заңның күші мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, орта 
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта), техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі білім беру ұйымдарында, мамандандырылған, арнаулы білім беру 
ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға қосымша білім беру 
ұйымдарында, сондай-ақ әдістемелік кабинеттерде кәсіптік қызметін жүзеге 
асыратын педагогтерге қолданылады.
Әскери оқу орындарының педагогтеріне осы Заңның күші «Әскери қызмет 
және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңында көзделген ерекшеліктермен қолданылады.
4-бап. Педагог мәртебесі
1. Қазақстан Республикасында педагогтің ерекше мәртебесі танылады, бұл 
оның кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз етеді.
2. Білім беру саласында кәсіптік қызметін жүзеге асырған және Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті ұйыммен еңбек 
қатынастарында болған кезеңде адам педагог мәртебесіне ие болады.
3. Педагог лауазымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган 
бекітеді.
5-бап. Педагогтік әдеп
1. Педагогтік әдеп заңдылық, адалдық, жауапкершілік, жеке адамның ар-
намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
2. Педагогтік әдепті бұзу тәртіптік теріс қылық болып табылады және 
педагогті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік 
жауаптылыққа алып келеді.
3. Педагогтік әдепті білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет