Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық


-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата21.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#39678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагог-мәртебесі-туралы-Заң

16-бап. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңес
1. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі білім беру саласындағы 
уәкілетті орган бекітетін педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің жұмысын 
ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын 
тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта 
болады.
Педагогті тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім педагогтік әдеп 
жөніндегі кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, білім беру ұйымы басшысының 
актісімен қабылданады.
3. Педагогтік әдепті сақтау туралы мәселе қаралған кезде педагогтің:
1) қаралып отырған мәселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
2) қаралып отырған мәселе бойынша барлық материалдармен танысуға;
3) өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы 
келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға;
4) шешімді жазбаша түрде алуға;
5) қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқығы бар.
4. Педагогке қатысты талқылаулар және олардың негізінде қабылданған 
шешімдер оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
17-бап. Педагогті кәсіптік даярлау
1. Педагогті кәсіптік даярлау техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
2. Педагогтерді кәсіптік даярлаудың білім беру бағдарламалары педагогтің 
кәсіптік стандартының талаптары негізінде әзірленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет