Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық



Pdf көрінісі
бет6/9
Дата21.09.2022
өлшемі178,5 Kb.
#39678
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Педагог-мәртебесі-туралы-Заң

10-бап. Педагогтік қайта даярлау
1. Педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кәсіптік 
қызметіне алғаш рет кірісетін кәсіптік білімі бар адамдар жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта 
даярлаудан өтеді.
2. Педагогтік қайта даярлау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті орган 
айқындайды.
3. Осы баптың нормалары қосымша білімнің білім беру бағдарламалары 
бойынша педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдарға 
қолданылмайды.
11-бап. Педагогтің кәсіптік қызметімен айналысуға қол жеткізуді шектеу
Педагогтің кәсіптік қызметіне:
1) соттың заңды күшіне енген үкіміне сәйкес педагогтің кәсіптік қызметін 
жүзеге асыру құқығынан айырылған;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке 
қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған;
3) медициналық қарсы көрсетілімдері бар, психиатриялық және (немесе) 
наркологиялық есепте тұрған;
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары 
оқу орнынан кейінгі білімі туралы құжаттары жоқ адамдар;
5) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген өзге де 
шектеулер негізінде жіберілмейді.
12-бап. Әлеуметтік кепілдіктер


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
1. Педагогтерге:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғынжайға, оның 
ішінде қызметтік тұрғынжайға және (немесе) жатақханаға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жеке 
тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кепілдік беріледі.
Ауылдық елді мекендерде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге 
жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру Қазақстан 
Республикасының заңнамасында көзделген басымдық тәртіппен жүзеге 
асырылады;
3) ұзақтығы күнтізбелік 56 күн жыл сайынғы ақы төленетін еңбек 
демалысына;
4) өздеріне кезекті еңбек демалысы берілген кезде күнтізбелік жылда бір рет 
кемінде бір лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған 
жәрдемақыға кепілдік беріледі.
2. Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктері 
білім беру саласындағы уәкілетті орган тиісті саланың уәкілетті органдарымен 
келісу бойынша бекітетін қағидаларда айқындалады.
3. Педагогтердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі 
ұйымдардан орындарды жергілікті атқарушы органдар бірінші кезектегі тәртіппен 
береді.
4. Педагог Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы 
заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз 
ететін әлеуметтік кепілдіктерді иеленеді.
5. Ауылдық елді мекенде кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке:
1) жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында кәсіптік 
қызметін жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда 
айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып 
белгіленеді;
2) жергілікті өкілді органдар бекіткен тәртіппен және мөлшерде бюджет 
қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын 
сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.


Редакциялау күні
27.12.2019
Сақтау күні
10.01.2020
Дата редакции
27.12.2019
Дата скачивания
10.01.2020
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық 
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов 
Республики Казахстан в электронном виде
6. Ауылдық елді мекендерге кәсіптік қызметін жүзеге асыру және тұру үшін 
келген педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша көтерме 
жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 
көрсетіледі.
7. Жергілікті атқарушы органдар педагогке тұрғынжайды жалдау (жалға 
алу) үшін және коммуналдық көрсетілетін қызметтерге өтемақы төлемдерін, 
санаторийлік-курорттық емделуге және демалуға жолдама сатып алу үшін толық 
немесе ішінара төлемдер, сондай-ақ педагогті әлеуметтік қолдауға бағытталған 
өзге де жеңілдіктер белгілеуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет