Дербестік (персонализация) - нақты қолданушының сұраныстарын қанағаттандыру мүмкіндігі;
Саундбластер. Дискіге немесе компакт дискіге жазылған цифрлық аудиоинфор-мацияны дыбыстық информацияға түрлендіруге арналған құрылғы
Стример– бұл винчестердегі мәліметтерді жоғалтпай (вирус, сыртқы әсерлерден) жазып алу үшін көшіруге арналған құрылғы
Postmaster– әрбір доменнің өзінің әкімшісі бар, оған почталық жүйенің жұмысына қатысты сұрақтар мен хабарларды жолдауға болады
2.ДӘРІСТЕР 1-ДӘРІС. Тақырыбы: Орта мектепте информатиканы оқыту әдістемесі мен теориясының жалпы мәселелері. Мақсаты: Информатиканы оқыту әдістемесі пәні және информатика мұғалімін кәсіптік дайындау жүйесіндегі орнын, информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысын қарастыру.
22 қыркүйек 1997 жылы Қазақстан Республикасы президентінің өкімімен Қазақстан Республикасы орта білім жүйесін ақпараттандыру туралы мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни бірыңғай информациялық-білім беретін желіге негізделген бірыңғай информациялық-білім беру кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты болып табылады.
Ұсынылып отырылған орта білім жүйесін ақпараттандыру бағдарламасын өзінің алдында мынадай міндеттер қояды:
1. мектеп мекемелерін жаңа информациялық технологияны (ЖИТ) оқытуда және оқу үрдісін басқаруда пайдалануға мүмкіндік беретін есептеуіш техника құралдарымен және ұйымдастырушы техникамен қамтамасыз ету.
2. барлық мектеп мекемелерін білім беретін информациямен қамтамасыз етуге қол жеткізетін инфроқұрылымдарды дамыту
3. ықпалды нормативтік-құқықтық база жасау
4. телекомуникациялық желі жүйесін жасау
5. жаңа информациялық техналогия пайдалану және ендіру саласында орта білім жүйесі үшін кадрларды даярлау және қайта даярлықтан өткізу
Осы қабылданған бағдарламаға сай республикамызда көптеген мектептер жаңа информациялық техналогияны оқыту үрдіссіне ендіру жұмыстарымен айналысуда. Оларды қолдауымыз, бағыттауымыз және қажетті әдістемелік көмек көрсетуіміз керек.
Ақпараттандыру деп оқытудың және оқу үрдіссін басқарудың әсерлілігін арттыру мақсатында техникалық және материалдық ресурстарды, идеяларды, ғылыми-әдістемелік материалдарды үнемі пайдалану және интеграциялау үрдіссін айтамыз.
Әрине, ақпараттандырудың техникалық негізінде ең жетілдірілген техникалық құрылғы ретінде компьютер жатады, бірақ сонымен бірге мектептің барлық техникалық паркін, атап айтқанда: магнитофондарды, телевизорларды, телефондық желілерді тағы сол сияқты бірығай бағдарламалық-техникалық кешенге интеграциялау қажет.