Қазақстан республикасының Ғылым және білім министрлігі


Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты -



бет8/87
Дата14.11.2022
өлшемі1,01 Mb.
#49926
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87
Байланысты:
умкд Семей-13жыл

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты - әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл – ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді.
Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру – дамытушылық мақсаты – оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақыл-ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты – оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру.
Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің, программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістік рөлі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғылымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар, информатиканың практикалық мақсатының “тұрмыстық аспектісі” де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту үрдісінде практикалық есептерді шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге дайындауға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқыту барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа сапалы деңгейде қалыптасады, оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиетер де қалыптасады. Сонымен информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат – оқушыны азаматтық, адамгершілік қасиетке және жоғары саналыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланыста, оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Оқушыларға негізгі жалпы білімді беріп болмай, информатиканың тәрбиелік эффектісін алуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу үрдісіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсатарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланысты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Осындай жағдайда ғылыми тұрғыдан негізделген мақсат қана оқыту мазмұнын дәл анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет