Бақылау сұрақтары Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мақсаты
Бiлiм берудi ақпараттандыру үрдісiнің мұғалiмдік мамандық сапасына қойған талаптары қандай?
Оқу үрдісiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың мүмкiндiктерi қандай?
Негізгі әдебиеттер:[3, 4, 5, 14, 16]
Қосымша әдебиеттер: [24, 25, 26]
2-ДӘРІС. Тақырыбы: Информатика ғылым және орта мектептегі оқу пәні ретінде. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, псиxологиямен және информатика ғылымымен байланысы Мақсаты: Қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы
оқытудың заңдылықтары қарастырылады
Қазіргі кездегі білім беру сферасы жаңа сапалы деңгейге еніп, оқу үрдісінде компьютерлік технологияны жаппай қолдану міндетін шешіп отыр. Бұл – электрондық оқулықтар мен ресурстарды эффективті түрде қолдануды талап етеді.
Қазіргі кезге дейінгі білім беру үрдісін қарапайым үш түрде қарастыруға болады:
Информацияны беру және қабылдау. Онда “Оқытудың техникалық құралдары” көмегімен сабақ материалдарын иллюстрациялар: фотосурет, сурет, бейне, дыбыс көмегімен үлкен аудиторияларда көрсету мүмкіндігі артады. Оқушылардың информацияларды оқытушы көмегінсіз-ақ қабылдау мүмкіндігі пайда болады.
Іс- тәжірибелік сабақтар. Бұл информацияны меңгеру негізінде білімін тереңдету болып табылады. Оқу аудиториясында есептер шығару, физикалық эксперименттер жасау, экономикалық есептеулер жүргізу немесе философиялық проблемаларды талқылау негізінде белгілі нәтижеге жету үшін информацияны қолдануды үйренеміз.
Аттестациялау. Бұл оқушылар білімін тексерудің әр түрлі әдістері: ағымдағы сұрау, белгілі пән бойынша нақты есепті шешуді қамтитын комплексті емтихан.
Компьютердің пайда болуы аудиториялық және өздігінен жұмыс істеудің арасын біріктіріп, жаңа - өздігінен аттестациялау формасын тудырды.
Іс- тәжірибелік сабақтарда да компьютерді қолдану мынандай мақсаттарға жетуге мүмкіндік береді:
Оның көмегімен лабораториялық жұмыстарды орындауды әрбір жеке детальдары бойынша көрсетуге, химиялық реактиві бар пробирканы қозғалысқа келтіру немесе радиотехникалық сызбаны баптау мүмкіндігін беретін “виртуальдық лабораториялар” ұйымдастыруға болады. Виртуальдық лаборатория көмегімен жасалынатын эксперименттердің ауқымы өте үлкен.
Компьютерде интерактивті эффектінің ролі өте зор. Оның көмегімен әрбір оқушы кез келген сұрақ бойынша іс-тәжірибе жасауда жіберілген қателері туралы хабарлама, оны түзету әдістері жөнінде нақты кеңестер ала алады.
Жағдайды басқару ойындарының көмегімен іс-тәжірибелерді әсерлі орындау мүмкіндігі.
Өзін - өзі аттестациялау білім бекітудің кез келген кезеңінде жеке түсініктерді қорытындылау мақсатында қолданыла береді. Қазіргі мультимедиалық технология жеке пәндер бойынша тестілеуде, әр түрлі мақсаттардағы есептерді шығару жолдарына түсініктемелер беруде және динамикалық графика элементтерін пайдалануда қолданылады.
Білім беруде жаппай компьютерлік технологияны ендіру қазіргі информациялық және мультимедиалық (IT/MT) технологияның барлық мүмкіндіктерін қолдану негізінде іске асады да білім берудің сапасын көтеруге жағдай жасайды.