СОӨЖ №5-6
Элеватор туралы мәлімет
Астық қоймаларының ішіндегі ең үздігі элеватор болып табылады.
Элеваторлар -әр түрлі мәдени дақылдарды қабылдайтын, өңдейтін және сақтайтын толық
автоматты
түрде
механизациялық
жолмен
басқарылатын,
тасымалдау
мен
қамтамасыздандырылған және сақталатын астықтың жағдайын қашықтықтан қадағалайтын
жұмыс мұнараларымен, силос корпусының жиынтығы.
Элеваторда
астықты силостардан, норияларға және кері өткізуіне байланысты,
өздігінен өткізетін және
конвейірлі болып бөлінеді. Және де элеваторлар бір қанатты және
екі қанатты сонымен қатар бір мұнарлы, екі мұнарлы және мұнарсыз болып бөлінеді. Егер
бидайды силостарда сақтаса, элеваторларда комбинарлық астық қойма болуы мүмкін.
Элеваторларда сақталатын астықты автоматты түрде қашықтықтан бақылайды және
астықтың жоғалу мен сапасының төмендеуіне қарсы алдын ала шаралар қолданылады.
Элеватордың жетіспеушілігі – қымбат баға мен ұзақ құрылысты талап етеді.
Біздің елімізде астық қоймаларының негізгі түрлері горизонталь беті және еңкіш
еденді бір қабатты қоймалар, монолитті және жиынтық темірбетонды элеваторлар болып
табылады.
Мемлекеттік құрамындағы астық қабылдағыш пункттерде жай бір қабатты үлкен
көлемді қоймалардан басқа, элеваторлар қолданылады. Элеваторларда мемлекеттік қор
сақталады.
Элеватордың негізгі бөлшектері:
1. Жұмыс мұнарасы.
2. Силостық /қоймалық/ корпус.
3. Қабылдау және жөнелту қондырғылары.
Жұмыс мұнарасында орналасқан құралдар: жылжымалы машиналар, таразы, дән
тазартқыш машиналар және өздігінен құйылатын ұңғылар мен аспирациялық қондырғылар.
Жұмыс мұнарасы, элеватордың орталығы болып саналады. Оның биіктігі 50-60 м, ал
силостық /қойманың/ корпустың биіктігі -30 м. Жұмыс
мұнарасында қозғағыш және
технологиялық құралдар орналасқан. Астықты қозғалысқа келтіретін ұңғы /нория/ барлық
жұмысты атқарады. Жұмыс атқаруына байланысты, астықты қозғалысқа келтіретін машина
әмбебап /универсалды/ әр түрлі жұмысты атқаратын, немесе дербес жұмысты атқаратын
болып екіге бөлінеді.
Нория
Жұмыс ғимаратының типі мен қуатын анықтайтын негізгі көліктік машина. Жетілдірілген
элеваторлада жұмыс ғимаратында нориялар әртүрлі операциялардың өткізілуін қамтамасыз
етеді, бұл оларды жалпы тәуліктік жұмыс көлемі бойынша есептеуге мүмкіндік береді.
Өзара алмасатын нориялары бар элеваторлар қолданыста жеңіл болып келеді, аз қызмет
көрсететін адамдарды қажет етеді.
Таразы
Жұмыс ғимаратының жоғарғы бөлігінде (элеватордың бір сатылы схемасыда), ортаңғы
немесе төменгі бөлігінде (көп сатылы схемада) орналастырылады. Элеваторларға шөміш
және автоматты таразылар орнтатылады. Шөміш таразылар дәнді өлшеу кезінде дәл
көрсеткіштер береді, бұл жағдайда норияларды қолдану коэффиценті жоғары болады.
Автоматты таразылар қолдануға жеңіл және қарапайым, бөлмеде көп жер алмайды, оның
кемшілігі норияларды қолдану коэффиценттерін төмендетуінде,
әсіресе дәннің аз
партиясын жылжытқан кезде жұмысқа ыңғайсыз.
Таразы әрбір силос корпусындағы /қоймадағы/ астықтың салмағын білуге және
мемлекетке астық сатқанда есептесу үшін керек. Тазартқыш машиналар / елеуіштер мен
триерлер/ астықты тазарту үшін керек.
Силос – бұл қабырғаның көлемі көлденең қиылыстарынан әлде қайда биік болатын астық
қоймалары. Барлық элеваторларда астық қабылдайды, жібереді, тазартады, кептіреді,
құрғатады және зиянкестерден тазартады. Сол жерде
астықты сапасы мен қолдану
мақсатына байланысты бөлшектейді. Силостық /қоймалық/ корпус астықты сақтау үшін
керек. Силостың өзінде астық сақталады.
Силос корпусы 2 бөлімнен тұрады;
1.
Силостың үстіндегі галереясы, транспортер таспасы арқылы астықты арту
үшін қажет.
2.
Силостың төменгі галереясы, транспортер таспасы арқылы астықты түсіру
үшін қажет.
Дөңгелек, төртбұрышты, тікбұрышты, көпграндық силостар түрлері бола алады.
Дөңгелек қиылысудың көптеген таралуын силостар алады.
Силостардың диаметрі
унифицирлік және бірдей алынған 6-7 м. Дөңгелек силостың орналасуы реттік және
шахматтық. Силостық корпустың биіктігі рұқсат етілетін күшпен грунтқа табанасты
іргетастық плитамен анықталады.
Силос /қойма/ неғұрлым биіктеу болса, соғұрлым оның көлемі зор болады.
Элеваторлдың сыйымдылығы 11 мыңнан 150 мың тоннаға дейін болады. Ертістегі
/Қазақстандағы/ элеватордың сыйымдылығы 162,5 тонна. Силостың бөлігін астықты
дезинфекциялау және активті вентиляциялау арқылы жабдықтайды.
Бұрынғы элеваторлар ағаштан,
кірпіштен, кейінірек болаттан, темір-бетоннан
жасалған. Бұрынғы ағаш элеваторлар шаршы, төртбұрышты, болаттан жасалған
элеваторлар дөңгелек не болмаса көп бұрышты болып келеді. Қазіргі кезде элеваторлар әр
түрлі пішінде салынады.
Элеваторлар арнайы қабылдау және жіберу бункерлерімен, силостарымен,
тасымалдау
құралдарымен, астық тазалау машиналарымен, құрғатқыштармен,
таразылармен және астықты кептіру және зиянкестерден қорғау қондырғылармен
жабдықталған.
Барлық технологиялық таразылық және тасымалдау құралдары жұмыс
мұнараларында немесе шағын қосымша құрылыстар-
жұмыс ғимараттарында
орналастырылған. Жұмыс ғимаратында астықты қабылдайды, өңдейді, сапасын анықтайды
және силостар мен қоймаларға бөледі.
Астық элеватордың жұмыс ғимараттарында бір сатылы және көп сатылы схемамен
орын ауыстырады. Бір сатылы схеманың ерекшелігі таразылар жұмыс ғимараттарында
силос үстіндегі конвейірлерден жоғары орналасқан. Биіктікке көтерілген астық екінші рет
силостық корпусқа тазалауға және кептірілуге бағытталмайды.
Ұзақ мерзім жұмыс істейтін мекемелерде көпбағандық сызбаны азайтуға көмектеседі.
Жұмыс істейтін мекемеде таразыны силостық конвейерден төмендеу орналастырады және
астықты
тамырымен екінші рет размерлерін және жалпы коммуникацияны
күрделендіреді.
Элеватордың маңызды бөлігі – силостық корпус болып табылады. Төменде
көрсетілген келесі талаптарды орындау керек;
1.
Астықты атмосфералық ауытқулардан және сыртқы температуралық
толқулардан сақтау.
2.
су буының конденсациясын ішіне қарай жібермеу.
3.
астық массасына зиянкестерге жол бермеу.
4.
Астықтың бөгелмеуін болдырмау және силосты тарайлау кезінде өрт
қауіпсіздігін сақтау.
5.
Техникалық және экономикалық көрсеткіштер бойынша оптимальды болу.
Қойма біздің елде көп тараған.
Астықты үш әдіспен сақтайды.
1. Үйінді түрінде.
2. Бөлек-бөлек сусектерде.
3. Қаптарда.
Сусектерде әр түрлі астық тобы сақталады. Сусек қойманың белгілі бір бөлігі, бұл
бөліктер һ=2,5 – 3 м ағаш тақтайлармен қоршалады. Бұл ағаш қабырғалар қозғалмалы
болады. Сыйымдылығы /көлемі/ орта есеппен 10-60 т дейін.
Сусектердің неғұрлым көлемі үлкен болғаны дұрыс. Тар болған жағдайда, жұмысты
механикаландыру қиынға соғады. Астықты бос үю,
ірі топтарды сақтағанда, қажет,
мұндайда қойманың барлық көлемі қолданылады. Астық тұқымдарын қаптарда сақтауға
болады. Қойманың төбесі жылуды нашар өткізуі керек. Төбесін асбоцементті шифермен
жабады.
Әр уақытта азық-түліктің, тұқымның және құнарлы жемазықтың қоры болуы керек.
Халық шаруашылығында, әрбір шаруашылықта кейбір астық тобы тез жұмсалады, ал
кейбір топтары ұзақ сақталады. Қанша уақыт сақтасақ та, уақытша не болмаса ұзақ болсын,
астық массасының сапасы жоғары болуы керек. Аз уақытқа болса да, астықты қоймада
сақтау керек. Астық қоймасы тауар айналымына байланысты былай бөлінеді:
1. Темір
жолдан қашық жерде орналасқан, уақытша ұйымдастырылған қойма
/элеватордың бөлімшесі/.
2. Темір жол бойында орналасқан қойма.
3. Тасымалдайтын портта орналасқан қоймасы.
4. Түпкілікті астық қоймасы /үлкен қалаларда орналасқан қоймалар/.
Механикаландыру мүмкіншілігіне қарай қоймалар үшке бөлінеді:
1. Механикаландырылған.
2. Жартылай механикаландырылған.
3. Механикаландырылмаған.
Достарыңызбен бөлісу: