процесінің негізгі мәселесі – 7,5 % органикалық және бейорганикалық тектегі еритін және
ерімейтін қант емес заттардан қантты немесе сахарозаны бөліп алу.
Тамыртүйнектен сахарозаны бөліп алу диффузия жолымен серпімді, яғни тургорды
жоғалтпаған болуы керек. Тургорды жоғалтқан тамыртүйнек жоңқа түзбейді, ботқа тәрізді
масса айналады да, диффузия қиындатады.
Сондай – ақ өте күшті механикалық бүлінген тамыртүйнекті қолдану шектеледі.
Мұндай тамыртүйнектің тыныс алуы жоғарылайды, микроорганизмдер оңай еніп кетеді,
сақтауға тұрақсыз болады. Оларда жоңқаның сапасы төмен болады. Осылай бүлінген
тамыртүйнек 12 % - тен аспауы керек.
Әйнек тәрізді қабыршақталған немесе қарайған ұлпалардың болуы, көгерген,
шіріген ұлпалардың болуы мүлдем жіберілмейді. Гүлдеген тамыртүйнек мөлшері - 1% -
тен, жасыл масса - 3% - тен аспауы керек. Нормадан аса ауытқыш қызылша партиясы
кондициялы емес болып табылады.
Тамыртүйнектің әрбір партиясында топырақтың белгілі бір мөлшері болады.
Олардың массасын анықтайды.
Партияның сапасы ГОСТ техникалық талаптарына сәйкес бағаланады. Сондай – ақ
сапасын анықтау әдісі де ГОСТ талаптарына сай келеді.
Заводтарда өнімділігі 48 сынама / сағ. Қанттылығын анықтау үшін автоматтық линия
орнатады.
Достарыңызбен бөлісу: