Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


«Каркас» ВЗИИП және Ростов Промзернапроект қондырғысы



Pdf көрінісі
бет100/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143
«Каркас» ВЗИИП және Ростов Промзернапроект қондырғысы. Каркас 
қондырғысы еңіс еденді қоймалардағы дәнді желдетуге, газациялауға және дән 
температурасын дистанционды түрде өлшеуге есептеліп жасалған. Еңіс магистарльды 
каналдар қойма еденіне беттестіріле орналастырылған және үстінде алынбалы ағаш 
жапқышы бар. Ол жапқыш қақпақ дәннің каналға түсуіне жол бермейді. Еңіс магистральді 
каналдың үстіңгі басы қабырғадағы тесіктен өтпелі патрубка арқылы қойма сыртына 
шығады, ал төменгі бөлігі төменгі транспортерлі галереяда бітеді.(3-сурет.)
3-сурет. Едендері көлбеу дән қоймаларын желдетуге арналған тұрақты құрылғы сұлбасы 
а – Ростовкий Промзернопроект, 1 – бұру қақпағы, 2 - өткізу патрубогы, 3 - жоғарғы канал, 
4 төменгі канал; б – «Каркас» ВЗИИП, 1 – көлбеу канал, 2 – перфорирланған тік 
құбырлар, 3 – темір струналары, 4 – термоілгіштер, 5 – бекіту поршені. 
Магистральді канал бойымен белгілі бір арақашықтықта тік ді түрде перфорациялы 
бөлгіш каналдар орнатылады. Қойма тіреулерінің арасына ұзыннан ұзын және көлденең 
сақтау барысында және әрі – бері тасымалдағыш атмосфералық жауын – шашын мен 
былғанудан қорғайды. Ал тросты сақиналап орап, бірінші бөліктің қақпақпен жабылатын 
алдыңғы жағына жинап қояды. 


 Каркас перфорациялы құбырлардың тік ді жағдайын бекітіп қана қоймайды. Оның 
бойымен дистанционды термометр орналасқан көрсеткіш құралдардың да бекітілуін 
мүмкін етеді немесе дәннің температурасын қадағалап отыруға жағдай жасайды. 
 
СӨЖ № 53-54 


Солтүстік Қазақстанның астық қоймаларында кездесетін зиянкестер 
 
Солтүстік Қазақстан елімізде астық өнімдерін өндіретін ірі өлкенің бірі. Астық 
шаруашылығынаң маусымдылығы және оның өнімдерін жыл бойы тұтынатындықтан, 
жинаған өнімді астық қоймаларында ұзақ сақтауға тура келеді. Сақталған астық және оның 
өңделген өнімдерінің сапасын төмендетпей таза сақтау – ең үлкен міндеттің бірі. Себебі 
қоймалардағы астық өнімдерімен көптеген зиянкестер қоректенеді.
Дүние жүзінде астық және оның өнімдерін зақымдайтын 400-ден астам жәндіктер мен 
кенелердің түрлері белгілі. Ал, Қазақстан аймағындағы қоймаларда ғалымдардың 
мәліметтері бойынша 100-ден астам түрлері мекендейді. Солардың ішінде көп тараған 
негізгі түрлері 60-тан астам [1,2,3,4,5]. Қойма зиянкестері сақтаулы астықты елеулі 
шығынға ұшыратады – дәннің салмағын азайтып, тұқымның өнімділігін және сапасын 
төмендетеді, ылғалданған астықтың қызуына, «картоп қоздырғышының» және « қатты 
бидай» спорасының таралуына себепші болады. 
Қоймадағы зиянкестер мөлшері мен тигізетін залалы тіршілік ететін орта жағдайы –
ылғалдылық, жылылық, суықтық, өнімді сақтау ұзақтығы және қойманың тазалығына 
байланысты. 
Қазіргі кезеңде фермерлер мен ұсақ жеке шаруашылықтар т.б. жинаған астықтарын 
көп жағдайда ұзақ сақтауға қолайсыз астық қоймаларына қояды. Қоймаларда жыл сайын 
міндетті түрде жүргізілуі тиіс сақтық шаралар, яғни зиянкестердің көбеюіне жол бермейтін 
алдын алу жұмыстары (у бүрку, жуу, кереге-еден тесіктерін түзеп-жөндеу, әктеу, сыртқы 
айналасын тазалап сыпыру) дер кезінде жүргізілмейді десе де болады. Осыған орай қазіргі 
кезде шетелдермен тауар айналымына байланысты астық, тамақ өнімдерімен бірге және 
басқа да жолдармен елімізге қаіпті қойма зиянкестерінің енуі мүмкін.
Мысалы, еліміздің бірнеше сыра зауытында шетелден енген «капор қоңызы» 
табылған. Осы жағдайлардың барлығы қосыла келе қамбада қоныстанған зиянкестер мен 
кенелердің түрлерінің өзгеруіне және тигізетін зиянының өсуіне әкеліп соқтырады. 
Сондықтан қоймаларда кездесетін зиянкестердің неше түрлілігі, бар-жоқтығы әр 
шаруашылық қоймаларының тазалығын көрсететін бет пердесі болып табылады. 
Осыған байланысты 2001 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан 
мұнара қоймалары мен қамбалары, сыра зауыттары мен тәтті тағамдар фабрикасы, ұн 
диірмендері, яғни Ақмола облысында «Ақмола- астық концерні», «Ақмола» ААҚ, «Цесна», 
«Толқын астық» ЖШС, «Жер ана» ЖШС, «Макинский» АҚ, «Ақ арлан», «Атбасар» сыра 
зауыттары, «Нан абыройы»АҚ, «Интер трайд» диірмені, «Жігер» ЖШС, «Атбасар 
диірмендері» ЖШС, «Мариновский» АҚБ, « Есіл дән» ЖШС, «Ақ дән» ЖШС, Қостанай 
облысында «Мелькомбинат» ААҚ, «Иволга» АҚ, «Арасан» сыра зауыты, «Баян сұлу» ААҚ 
тәтті тағамдар фабрикасы, «Қойбағар» ЖШС, «Урицкий» АҚ, «Аманжол акро» ЖШС, 
«Шабақ жарған» комхозы, «Дубравы» ЖШС, «Разумович» ЖШС, «Озерное» ЖШС, 
«Железорудный» АҚБ, Солтүстік Қазақстан (Петропавл) облысында «Ақсуат» ЖШС, 
«Батт-Тимирязево» ЖШС, Белоградовка аулының қоймалары, «№2 нан базасы», 
«Новосельское» ЖШС, «Даккап», «Шаруа СК» диірмендері, Привольное ауылының 
қоймалардағы астық және оның өнімдерін залалданған зиянкестердің түрлерін және 
залалдану себептерін анықтап, олармен күрес шараларын дұрыс жүйеде жүргізу үшін 
ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді.
Бұл жұмыстарды атқару үшін қамба-қоймаларды және олардың сыртқы айналасын 
тексеріп, мемлекеттік стандарт белгілеген әдістер бойынша (ГОСТ 12430-66) сынамалар 
алынды. Залалдық мөлшері алынған орташа сынамаларда анықталынды. Орташа сынама 
алу үшін қамбадағы сақталынып жатқан астық үймесін жорамалмен көлемі 100-200 м
2
-дей 
бірнеше секцияға бөліп, әрбір секцияның 5-6 жеріне белгі қойып, сол жерлерден шөкімдеп 
сынамалар алынады. Егер үйменің биіктігі 1,5 м болса үстіңгі және ең астыңғы қабатынан, 
ал үйменің биіктігі одан жоғары болса үстіңгі қабатынан 10-15 см дейінгі тереңдіктен, 


ортаңғы және ең астыңғы қабаттарынан алады. Алынған сынамаларды біріктіріп, одан 
салмағы 1-2 кг дейін орташа сынама алынады. Әр сынама жеке-жеке тексеріліп, 
зиянкестермен ең көп залалданған орташа сынама арқылы қаншалықты залалданғанын 
анықтайды. Мұнара қоймалар астықпен толық толтырылған болса әр қабатынан, ал 
жартылай болса сынамаларды сүрнемелердің араласқан ағындысынан алып, орташа сынама 
шығарып тексеріледі. 
Ұн сақтайтын қоймаларда қапталған ұнның 5 қапқа дейінгісінің әрқайсысынан, 5-тен 
жоғарғысынан 5 қаптан, ал 100-ден астам болса қаптардың 5 пайызынан алынады.
Бос қоймаларда зиянкестердің бар-жоқтығын білу үшін қойманың бұрыштарынан, 
діңгектердің жарылған, еденнің тесілген жерлерінен, терезе-есік жақтауларынан, үстіңгі 
және астыңғы галлереясынан, астық тазартқыш машиналардың үстінен, қабырғалардың 
жарылған жерлерінде қалған астық қалдықтарын, бұрыштардағы өрмекші торларын жинап 
алады. 
Алынған сынамаларды төртке бөліп, соның бір бөлігін 2 минуттай диаметрі 1,5 және 
2,5 мм елегіштен өткізіп, өткен өткінділерді арнайы тақтайға, ал ішіндегі зиянкестерді 
Петри тостағаншасына салып, зиянкестердің түрлерін анықтауға дайындайды. 1,5 мм-ден 
өткендерін қара қағазға салып, ішінде кенелердің бар-жоқтығы тексеріледі. Жинап алынған 
тірі жәндіктер 1кг астық өнімнің салмағына есептелінеді. Астықтың қамба бізтұмсығымен 
және кенелермен залалданғандығын анықтау үшін арнайы дәреже кестесі бар. (1-кесте). 
Зерттеулер нәтижесінде 13 тұқымдасқа жататаын 38 жәндік түрі мен 3 тұқымдасқа 
жататаын 4 кене түрі анықталынды. (2-кесте). 
Жоғарыда аталған жәндік түрлерін ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты В.П. 
Лахманов, Зоология институтының аға ғылыми қызметкері, биология ғылымының 
кандидаты Е.В. Ишков және Бүкілрессейлік өсімдік карантині ғылыми-зерттеу 
институтының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымының кандидаты Е.А. 
Соколов анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет