табылды. Зиянкестердің ересек қоңыздары да, балаңқұрттары да зиян келтіреді. Олар астық
дәндерімен, ұнмен, кептірілген нан жемістерімен қоректенеді.
Тері жемірлер тұқымдасынан 8 түрі анықталды. Олар күрең, тері, Шеффер, кілем,
Фриша, Тянь-Шань тері жемірлері, айнымалы трогодерма, «Жігер» ЖШС, «Урицкий! АҚ,
«Ақсуат» ЖШС мұнара қоймаларынан, «Даккап», «Шаруа СК» диірмендерінен, «Атбасар»,
«Арасан» сыра зауыттарынан және ауыл қамбаларынан алынған астық, ұн
сыпырындыларынан, өрмекші торларынан, астық қалдықтарынан алынған сынамалардан
табылды. Аса қауіпті зиянкестер. Суыққа өте төзімді. Жас балаңқұрттары уатылған
дәндермен және ұнмен қоректенсе, ересек балаңқұрттары тұтас дәндердің ұрық бөлігін
кеміріп жеп, одан дәннің ішіне еніп, оның эндоспермасын зақымдайды.
Достарыңызбен бөлісу: