2– сурет. Қоймалар мен алаңдарда дәнді желдетуге арналған еденге орнатылған
қозғалмалы және құбырға орнатылған жылжымалы қондырғылар
СВУ – 1, СВУ – 2, СВУ – 3 тұрақты желдеткіш қондырғылар 11 СВУ – 1
қондырғысы еденге қос қостан бекітілген және екі
жеке жеке еденге бекітілген
каналдардан тұрады. Бұл каналдар қойманың бір басынан екінші жағына дейінгі көлденең
тартылып, каналдары қалқанмен бекітілген. Олардың астын 0,120м щебень төселіп, әк
қосылған қоспа құйылады. Канал қабырғалары кірпішпен өріледі, үстінен яғни,
қалқандармен еден бетімен тегістеме жабылады. Жанынан ауа мен дән кіріп тұру үшін ені
0,045м қуыс қалдырылады. Көлденең табаны асфальттанады.
Каналды жауып тұратын
ағаш қалқандарға тіреуіш ретінде қойма еденінен 0,08м тереңдікте өрілген кірпіш
қатарлары қызмет етеді.
Каналдың ұзындығы 19м, тұрақты ені 0,4м және тереңдігі 0,6м басында, ал соңында
0,7м тең болады.
Қондырғы ауаны желдеткіш қондырғы арқылы беріп отырады, ол қойманың
артында орналасады да қойманын артқы қабырғасында
орналасқан патрубка арқылы
жіберіліп отырады. Барлығы 13 патрубка қондырылады, олардың 11 – қосарлы каналдары,
ал екеуі алдыңғы қабырғадағы жеке каналдарға жалғасады.
СВУ – 2 қондырғысы - СВУ – 1 қондырғысынан өзгертілген түрі. Ондағы
каналдардың ұзындығы жартысына дейін қысқарған, ал секция саны көбейтілген.
Сыйымдылығы 3200т дәнге арналған типтік қоймаға арналған СВУ – 2 қондырғысы 48
ауа жүретін каналдардан тұрады, қойманың еденіне көлденең орнатылған негізгі осьтің
екі жағында 0,5м жеткізбей орналасқан.
Әрбір іргелес екі канал, алдыңғы қабырға
жақтағы шекті төртеуінен басқасы өзңнше дербес секцияларға жалғасқан. Шеткі
төртеуінде бір каналдан бар.
Ауа каналдары 26 ауа кіретін патрубкалар арқылы кіреді, ал олар қойманың ұзынша
қабырғаларын бойлай екі жағынан орналасқан. Әр кналдың екі 0,5м, ұзындығы 9м, ал
тереңдігі 0,5 – 0,15м дейін өзгеріп отырады. Каналдардың ара қашықтығы колонналардың
орналасуына орай әр түрлі: 1,35 – 1,9м дейін өзгеріп отырады.
СВУ – 1, СВУ – 2 қондырғыларының арасындағы тұйық кеңістік 1,9м дейін жетеді
де, жинау кесірінен дән үймегіне жіберілетін ауа дұрыс бөлінбейді, ол тұйық кеңістікте
ауа дұрыс алмаспайтын, тұрып қалатын аймаұтардың пайда болуына әкеп соқтырады.
СВУ – 3 қондырғысында тұйық кеңістік 0,5м аспайды, ал бұл дән үймегін
бірқалыпты желдетуге мүмкіндік береді. Ол ауа кіретін
потрубкалармен және ауа
бағыттағыш аэродинамикалық күрекшелермен жабдықталған. Көлемі 3200т типтік
қоймада 16 бірдей секция орналасқан: сегіз секция қабырғаларды ұзынынан бойлай
орналасқан. Әр секция магистральді каналдан және 18 бүйірге орналасқан каналдардан
тұрады, ал олар магистральді каналға перпендикуляр және симметриялы түрде әр
жағында тоғыз тоғыздан орналасқан. Магистральді каналдар қойманың ішінде көлденең,
оның ұзынша осіне перпендикуляр, оған 0,3м жатпай орналасқан.