Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет99/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

СВУ – 3 қондырғысын төменгі транспортер галереясы жоқ қоймаларға да және 
осындай галереясы бар қоймаларға да орналастыруға болады. 
ГИПЗП – 48 және ГИПЗП – 55 еденге орналасқан және жылжымалы қонжырғылар. 
Олар кең қолданысқа ие болуда. Дәннің көлемі 3200т типтік қоймаларда қондырғының 
сегіз блок секцияларын әр есікке біреуден орналастырылады. Оларға ауа кіретін потрубка 
орналастырылады, төсеніш тақта қондырылып, желдеткіш қосылады. Қойманың есігінен 
оның қақ ортасына дейінгі магистральді канал құрайтын төрт ағаш өтпе (П) және үш 
тұйық (Г) қалқан орнатылады. Ұзындығы 1,290м, ені 1,815м, биіктігі 0,207м. 
1948 ж. ауаны тарату торларын қондыру құрылымы қиындау: ұзындығы 1,920м 5 
көлденең ағаш бөрене тіркеулердің биіктігі 0,070м, сондай – ақ үш қабатты көлденең 
төселген ағаш тақтайлардан жасалған жабындылар мен рейкалардан жасалған ауа жүретін 
өтпелі жолдан тұрады. Әр қалқанның екі жанынан үш қатардан тұратын ауаны тарататын 
торлар жалғанады. Тордың өлшемі 1,920х1,3х0,125м. 
1955 жылғы ауаны тарату торлары 1948 жылғыға қарағанда екі есе жеңіл, берік, 
құрылымы мен дайындалуы және қолданылуы да оңай. Торлардың көлемі 
1,95х0,65х0,15м. 
Құрылымы мен қолданылуы қарапайым болғанына қарамастан, еденге бекітілген 
қозғалмалы қондырғының төмендегідей кемшіліктері бар. Олардың қалқаны мен торлары 
еден бетінен жоғары шығып және қозғалмалы механизмдердің қоймалар мен алаңдарда 
дәнді түсіріп – тиеу процестерін біршама қиындатады. Қондырғыларды пайдалану біраз 
қол еңбегін қажет етеді. Қондырғының ағаштан жасалған қалқандары мен торлары жиі – 
жиі сынып қалады және жыл сайын осы аталған бөлшектердің 50% жөндеуді қажет етеді. 
ПВУ – 1. Бір құбырлы қозғалмалы желдеткіш қондырғы. Ол дән үймегіне ендірілетін 
труба мен оның үстінен кигізілетін жеке желдеткіштен тұрады. Қондырғыны тобымен 
пайдаланады яғни бір мезгілде жеті құбырдан кем емес құбырлар тобын дән үймегінің 
жан – жағынан үшбұрыштап үш немесе одан да көп қатар етіп орнатады. 
Ауа айдағыш құбыр төменгі және үстіңгі бөліктерден тұрады да конус формалы 
муфтаға өтед де, желдеткішпен жалғасады. Құбырдың диаметрі 102 мм, қабырғаларының 
қалыңдыңы 1,5 – 2,0 мм. Төменгі 2,15 литрлік бөлігі бар басынан конус сияқты жасалған, 
ал ол үймекке ендіруді жеңілдетеді. Екінші басындағы муфта вирромолотпен жалғанды. 
Құбырдың төменгі бөлігі (0,6м) тесіктерінің диаметрі ø 2 мм тордан тұрады. 
Құбырдың жоғарғы бөлігінің ұзындығы 1,5 м ол өз кезегінде дән үймегінің биіктігі 
жоғары болған жағдайда құбыр ұзындығын созуға мүмкіндік береді. 
Құбырды дән үймегіне батырып, вибромолоттың (қозғалмалы балғаның) көмегімен 
дәнді алады. ПВУ – 1 қондырғысы өздігінен қызып кетуден жоюға қолданылады, бірақ 
оны профилактикалық желдету үшін де пайдалануға болады. 
ТВУ – 2 қондырғысы. Қоймалардағы жүк алаңдардағы дәнді желдету үшін ТВУ – 2 
қондырғысын қолданады. Ол әр түрлі диаметрлі 5 бөліктен тұратын телескопиялық 
құбыр. Бірінші бөлігі қалыңдығы 2 мм біртегіс болат беттен жасалады да салазкаға 
қондырылады, ал қалған төртеуі ø 3 мм тесіктері бар перфорациялы қабырғалардан 
тұрады, олардың да қалыңдығы алғашқынікіндей, бірақ екі қабаттан тұрады. Құбырдың 
әр бөлігінің соңында сақиналы қатты фланцтары болады, ол олардың ішіне киізден 
жасалған нығыздатқыштарды орналастырады. 
Телескопты құбырдың он бойымен ø 9,9 мм болат трос өтеді, оның ұзындығы 12 
метр. Трастың бір басы қысқыштармен соңғысының, бесіншінің соңына бекітілген, ал 
екіншісі – бірінші бөлік арқылы шығып, ілмекпен аяқталады. 
Құбырдың барлық бөліктері жиналған күйінде бірінші бөліктің ішінде орналасады, 
ал ол өз кезегінде қорғаныш қабықтың қызметін атқарады да, перфоациялы бөліктерді 
белгілі бір арақашықтықта қабырғалардан тесік жасайды. Қойманың іші мен сыртынан 
есіктер ілініп, құбырды тартып алған жағдайда дәннің төгіліп ысырап болмауы үшін 
автоматты түрде тесіктердің жабылуын қамтамасыз етеді. 


ТВУ қондырғысын жұмыс орнына жиналған күйінде жеткізеді. Содан кейін 
қойманың немесе алаңның еденіне орналастырып, түзу сызық бойымен ұзындығы 
жеткенше қойып шығады. Оның жұмыс жағдайындағы жалпы ұзындығы 9,86 м 
қондырғының созылған күйінде дәнді үстіне үйеді. Дәнді төккен кезде созылған 
бөліктердің қозғалып, сынып кетпеуі үшін шаралар қолданылады. Бұл дән үймегінің 
астынан дәнді үздіксіз сорып алу үшін қажет. Құбырдың үстіне дән төккен соң оған 
желдеткішті қосады. 
Қажетті технологиялық нәтижеге қол жеткізген соң ТВУ – 2 қондырғысы үймектің 
астынан шығарып алынады. Бұл жағдайда салқындайтын бөлікті қозғалмай – ақ жаңадан 
түсіп жатқан дәнді өңдеуге болады. Телескопты құбырды үймектің астынан суырып алу 
үшін оны желдеткіштен ажыратады, ал тростың ілмегін автомобиль немесе басқа 
транспорттың ілгішіне кигізеді. Автомобиль құбырдан тура қозғалып, тросты тартады да, 
бір – біріне кигізгенімен барлық бөліктерді қоса тартады. 
ТВУ – 2 қондырғысын қоймалардың қабырғаларын жағалай төгілген дәнді желдету 
үшін пайдалы болат сымдар тартылады. Барлық тартылған сымдар бірыңғай кеңістік 
каркасты құрайды да қойманың қабырғаларын берік тартып тұрады. Тік ді перфорациялы 
бөлгіш құбырларды болат сымдарға қомыттар арқылы бекітеді. Әр құбырға жіңішке трос 
ілініп, арнайы поршень бекітілген. Құбыр бойымен поршень қозғалғанда ауаның біркелкі 
бөлінуі қамтамасыз етіледі немесе өңделетін үймекке фумиганттың жеткізілуіне қол 
жеткізіледі. 
Бұл қондырғылар өзінің құрылысы мен пайдалануы жағынан қарапайым, жылдам 
және дәнді желдетуді іс жүзінде толығымен маханизациялауға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет