Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет108/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   143
 
 
 


 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СӨЖ №61-62-63 
Сақтауға түсетін астықтың жағдайы мен жалпы сипаттамасы 
Астық қабылдау кәсіпорындарында дәнді, бұршақты, майлы және басқа дақылдардың 
жүзге тарта түрлері келіп түседі. Оларды шығынсыз сақтауды ұймдастыру үшін әр бір 
дақылдың өзіне тән ерекшеліктері мен қаситтерін біліп, түрлік белгілерімен топтастырып 
қарастыру керек. Мұндай топтастыру астықтың сақтауға төзімділігін арттыру үшін 
қолданылатын технологиялық әдістердің жалпы принциптерін дұрыс орындап, жүзеге 
асыруға мүмкіндік береді. Әрине сақтау технологиясын дұрыс қолдануда, жетілдіруде 
астықтың жалпы қасиеттерімен қатар әр түрлі партиялардың дән түріне 
байланыстыботаникалық белгілері, егу, өсіру, ору, тасымалдау ерекшеліктері де елеулі рөл 
атқарады. Мысалы, сақтаудың кейбір жағдайларында бидай мен қара бидай, жүгері мен 
тарыға қарағанда төзімділеу келеді. Жаңа ғана орылып жиналған астықтың дәні міндетті 
түрде бұрын жинап алынған, орылғаннан кейінгі пісіп жетілу мерзімінен өткен, не болмаса 
көп уақыт сақталып жатқан дәннен төзімсіздеу болып, сапасы тезірек төмендеуге бейімдеу 
тұрады.
«Астық» деген сөз үлкен мәнді, кең түсінік. Оның құрамында негізгісі дәннің өзі 
болады да тағы да әр түрлі қоспалар, шөп-шалаң, ауа жайлаған қуыстарыболады, түрлі 
микроорганизмдер жәндіктері мекендейді. Сондықтан сақтау тұрғысынан алғанда астық 
массасы дейді. Ал, сол астықтың сапасының кейбір сырт белгілері мен көрсеткіштері 
бойынша астық партиясы деп те атайды. Сондықтан бұдан былай астық, дән партиясы 
деген ұғымдарды студент жоғарыда айтылғандай түсінулері керек. 
Астық қабылдау кәсіпорындарында дәнді дақылды астық белгілі бір көрсеткіштермен 
іріктеліп, шоғырландырылып партия-партия болып келіп түсіп отырады.
Астықтың негізгі белгілі бір ботаникалық текті дәнді болып келеді де әрбір партия сол 
дәннің атымен аталады. Мысалы, бидай, қара бидай т.б. астықтың негізгі бөлігі болып 
келетін дәннің өзіде ылығалдығы, тығыздығы, пысып жетілгендігі т.б. сапалық 
көрсеткіштер бойынша бірңғай біркелкі емес сан түрлі болады. Мұның бірден бір себебі 
дәннің өсімдіктің бойында өсіп жетілумен қалыптасу ерекшеліктеріне мысалы, бидай мен 
қара бидайдың гүлденуі масақта басталса тарымен сұлы жоғары жағынан, бұршақ дақлдары 
төменнен гүлдейді. Ең жоғары бағалы әрі сапалы дән өсімдіктің ерте гүлдеген бөлігінен 
алынады. Осыған орай мың дәннің салмағы дейтін көрсеткіш сол дәннің масақтың қай 
жерде өсіп өнгеніне тікелей байланысты. Мысалы, Краснодарская 46 және Безостая 1 дейтін 


бидайдың салмағы масақтың жоғары бөлігінде орта есеппен 30г, орта шенінде 50г, төменде 
47г, ал сол сияқты Саратовская 42 сортында осы көрсеткіштер 34,9; 41,0 және 37,4 г 
болыпты. Дубовский 129 атты күріштің 1000 дәнінің өсімдіктің жоғары жағындағысының 
салмағы 39-40 г болса, төмендегісінің салмағы одан 9-12 г көп. 
Астықтың құрамындағы дәндердің бірыңғай не біркелкі болмауы астықты орып 
жинау кезінде болатын кейбір жағдайлардың әсеріне де байланысты. Астықты орып 
бастыру кезінде дәнге механикалық күш жұмсалуы салдарынан дәннің едәуір бөлігі 
сызаттанып, жарықшақтанып, тіпті бөлініп кетуі де мүмкін. Әрине, комбаинның 
бастырғыш барабандары не басқа машиналардың кейбір тиісті тетіктері өз қызметін 
бірыңғай дұрыс атқармаса, жарықшақтанған, ұсақталған дәндердің мөлшері өте көп болып 
кетуі мүмкін. Бұл құбылыс жарма дақылдары (күріш, тары және т.б) дәндеріне тән келеді.
Негізгі дақылдың дәнінен өзге астық жиымы құрамында басқа дәнді дақылдар және 
де арамшөп тұқымдарынан, органикалық және минералдық шаң-тозаңнан, өсімдіктің 
майдаланған бөлшектерінен тұратын қоспаларда орын алады. Бұл қоспалардың мөлшері 
мен сапалық құрамы астық орып-жинауды ұйымдастыру тәсілдеріі мен агротехникалық 
шаралардың деңгейіне көп байланысты.
Қоспалар сөзсіз мемлекетке өткізетін астық қорының бағасын төмендететді; астықтың 
жалпы көлемі көбейеді, осыған байланысты тасымалдау мен сақтау барысындағы қосымша 
шығынды арттырады. Жаңа орылып жиналған астық жиымында қоспалар жалпы астықтың, 
дәннің сапасының бұзылмай сақталу мерзімін азайтады.
Астық құрамындағы негізгі дақылдың өзінің құрамындағы дәннің де, қоспалардың 
барық түрлеріне де микроорганизімдер көптеп мекендейді. 1 г дәнде олардың жүздеген 
тіпті миллиондаған саны табылады. Әрине, белгілі бір мезгілде сақталу барысының түрлі 
жағдайларында микроорганизімдер дәннің күйі мен сапасына едәуір әсерін тигізеді. 
Дәндер мен қоспалардың формасы мен өлшемдерінің әртүрлі болуы, олардың өзара 
орналасу барысында астық жиымында дәнаралық бос қуыстардың пайда болуына әкеліп 
соғады. Мұны дәнаралық кеңістік, не болмаса қуыстылық деп атайды. Дәнаралық 
кеңістіктегі ауа астық құрамына әсерін тигізіп, тіпті өзіде өзгеріске ұшырап, құрамы, 
температурасы мен қысым мөлшері атмосфералық ауадан басқаша болып кетеді.
Сондықтан дән аралық кеңестік ауасында астық жиымының бір бөлігі деп қарайды. 
Сонымен астық жиымының құрамына мына нәрселер кіреді: 
1. Негізгі дақылдың, кейде басқа негізгі дақылға бағалығы мен пайдалануы бойынша 
ұқсас дақылдардың дәндері. 
2. Минералды және органикалық текті сан түрлі қоспалар; 
3. Микроорганизмдер; 
4. Дән аралық кеңістік ауасы; 
Астықтың кейбір партияларында, жоғарыда айтып өткендей, шыбын шіркей, құрыт 
құмырсқа және кенелерде кездеседі. Сондықтан бұлардада астық жимының құрама бөлігі 
деп қарап, уақтылы, дер кезінде тиісті шаралар қолданып отырған жөн. Астықты шығынсыз 
сақтау мүмкіншілігі оның табиғаты, тегі бойынша әр түрлі заттардан, тірі организмдерден 
тұратындығына тікелей байланысты екендігін әр уақытта есте сақтаған дұрыс. 
Қазіргі кезеңдегі ғылым мен практикалық тәжірибенің арқасында астық сақтау 
барысындағы құбылыстар туралы мағлұматтар баршылық. Оларды екі топқа бөліп: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет