Оны қолдануда тұрақты және жылжымалы техниканы пайдалануға болады.
Жай қойманың өлшемдері стандартты шамада ағаш
материалдарын қолдануға
мүмкіншілігі бар. Жай қойманың ұзындығы бойынша тоғыз бөлікке бөлініп, әр бөлімінің
ұзындығы 6,2 м ең шет жағындағылары – 3,1 м болады. Ені бойынша қойма үшке бөлінген:
ортадағысы – 11м, екі шеткісі 4,5 м болады. Үшкі орта бөлімінің күндізгі қозғалмалы
механизмдері астықты өңдегенде және босатқанда оңай пайдалануға ыңғайлы түрде жұмыс
атқара алады. Бұл қоймаларды салуда 1 тонна сиымдылыққа есептегенде 0,585 ... 0,615 –
адам – күні және 0,450 ... 0,600 тонна материал жұмсалады.
Астық кәсіпорындарының көп тараған жай қойманың қатарына сыйымдылығы 5500
тонна 1– суретте көрсетілген де жатады. Қойманың екі үш
бөлікке бөлінген, ортадағы
бөлімнің ұзындығы – 12 м, ал екі шеттегі бөлімдерінің әрқайсысы – 6 м болады. Қойманың
жалпы ені – 24 м, ал ұзындығы – 90 м жетеді. Бұл типтегі қоймаларды құрама темір бетонды
материалдардан құрастырып салады.(3-сурет).
3-сурет. Құрама темір бетоннан салынған сыйымдылығы 5500
тонналық жай қойма
Бұл құрастырылған 3200 т және 5500 тонналық жазық еденді қоймалардың
едендерінің көлбеу типтері бар.
Сыйымдылығы 3200т қойманың көлбеу едендерінің НП-4; НП-8; НП-9
типтері
кездеседі. Олардың сыйымдылығы 4000-5000 тоннаға дейін жетеді. (4-сурет).
4-сурет
. Көлбеу еденді астық қоймалары: а-КЕ-4; б- КЕ-8; в- КЕ-9
Сыйымдылығы 5500 тонна жай қойманың көлбеу еденді типінің сыйымдылығы 7500
тоннадан асып түседі.
Жай қоймаларда қазіргі механикаландырылған, оларда тұрақты астыңғы және үстіңгі
транспортерлар жұмыс атқарады. Кейбір жай қоймаларда комплексті механикаландыру
жұмысы орындалады, оларды элеваторларға теңеуге болады.
Аэрожелобтар мен гравитациялық тасымалдау жүйелерін
жазық еденді жай
қоймаларға орнықтыру арқылы, оларды механикаландырылған
жолмен толық жіберуге
болады (5-сурет).
5-сурет. Аэрожелобтың принципиалды сызбасы
1-осьтік вентилятор;
2- диффузор;
3-қорғаушы торы;
4-ауа бөлгіш торы;
5-астықты
транспорттау каналы;
6-ауа бөлгіш каналы;
7-тежегіш құралы;
8-төменгі галереяның
ленталы конвейері;
9-шығару түтікшесі.
Достарыңызбен бөлісу: