Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет107/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143
1-сурет. СОБ-МК технологиялық схемасы 
1-вагон; 2-автомобильден қабылданатын астық қораптары; 3-конвейер; 4-нория; 5-
сепаратор; 6-шынжырлы конвейер; 7-құрғақ астыққа арналған қорап; 8-ылғал астыққа 
арналған қорап; 9-автоматты таразы; 10-ДСП-24-СН астық кептіргіші; 11-тарақты 
конвейерлері 
Бұл мұнара күніне мына шамадағы жұмысты атқара алады: 
Астықты көліктен қабылдау-1200 т; 
Тазарту-1280 тонна; 
Кептіру-573 жоспарлы тонна
Вагонға тиеу-1200 тонна; 
Мұнараның жоспардағы өлшемі-12х12 м 
Биіктігі-17 м 
Қабаты -4 қабаттан тұрады. 
Мұның ішінде екі кептіргіш, өнімділігі 80 т/сағ болатын бір тазартқыш, автоматты таразы 
(ВАП-500) және бес ленталы транспортер, үш шнек қойылған. 
Мұнарадағы астық қозғалысын білгеннен кейін, эксплуатация тәжірибесі мына 
кемшіліктерді көрсетті: 
1. Астықты қабылдау және тиеу процесімен қатар тазарту процесі жүргізілмеді; 
2. Кептіргіштің нақты өнімділігі 24 т/сағ емес, одан төмен мәнге ие болды. Оның 
себебі шахтаның астықпан толтырылмауында; 
3. Жазық бағытта астықты тасымалдайтын шнектер дұрыс дәрежеде жұмыс істемеді. 
4. Шаң тазарту тізбегінің тиімділігі төмен болды және тазартқыштан кейінгі 
қалдықтарды жеке бөлмей, оларды араластырып жібереді. 
Бұл мұнараларды қайта модернизация жасағанда мынадай өзгерістер енгізілді: 


1. Шнектерді басқа түрдегі транспортерлармен ауытырды (қырғышы бар транспортер, 
сырма); 
2. Кептіргіш агрегаты басқа операцияларға байланыссыз,дербес жұмыс істей алды. 
3. Жоғарғы шахтаның үстіне қалыңдау қабаты жасалынды; 
4. Шаң тазартқыш қондырғысының қалдығы мен тазартқыш агрегатының қалдығы 
жекеленген қораптарға салынды. 
Осы атап өтілген өзгерістер 1957 жылы жасалынған (СОБ-1С) мұнарасының жаңа 
жобасына СОБ-1С мұнарасының биіктігін 21м-ге дейін жоғарылатты. 
Бұл мұнара 5 қабатты үйден тұрды. Кептіргіш шахтасының үстінде 50 тонна қорап 
қойылды. Және жоғарға конвейердің үстіне 37 тонна келген астықка арналған қорап 
пайдаланылды. Осыған байланысты мұнарасының өлшемі 12,15х6,4 шамасына өзгерді. 
Шнектерді, өздігінен қозғалатын қондырғылар және сырма арқылы ауыстырды. 
СОБ-МК және СОБ-1С мұнараларына жалпы ортақ кемшіліктерін келтіруге болады: 
Олар тек қана бір кезде бір ғана партияны қабылдап және өңдей алады. Кептіргіштің 
өнімділік шамасы нормаға сай келмеді, темір жолға астықты тиеуде қораптар 
пайдаланылмады. Тазартқыштың өнімділігі төмен болды, себебі қабылдау кезінде алдын 
ала күрделі қоспаларды бөлу қарастырылмады. 
Осы айтылған кемшіліктерді ескере отырып, 1959-60 жылдары жаңа мұнараның СОБ-
32 жобасы жасалынды. Бұл мұнара 1208 тонна астықты қабылдайды. (2-сурет).
2-сурет. СОБ-32 мұнарасының технологиялық схемасы 
1, 2, 5, 11, 13-нориялар, 3, 18- тарақты конвейерлері; 4, 16, 27- қораптар; 6, 7, 9, 10, 15, 
21, 23, 26, 28- конвейерлер; 8-автоматты таразы; 12, 20- сепараторлар; 14, 19, 24
тасымалдаушылар; 17- үлкен қоспа тазартқыш; 22- қарасұлы бөлгіш машина; 25-астық 
кептіргіш 
Астықты көліктен қабылдау қондырғысында астық қалдықтарын тазартатын жабдық 
қойылды. Мұнараның ішінде алты нория қойылған. Сонымен қатар астық тазартқышы, 
триелер, кептіргіш және басқа да жабдықтар бар.
Бұл мұнараның кемшілік қатарына мыналар жатады: 
- сепаратордың үстіне қорап қойылмаған; 
- автоматты таразы астықты қабылдау және тиеу жұмыстарын жүргізуге кедергі 
болады. 
Соңғы кезде жаңа түрде жобалар жасалынуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет