Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет14/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

СӨЖ №8 
 
КОНДИЦИЯНЫҢ ТҮРЛЕРІ, САПА КӨРСЕТКІШТЕРІН ЖІКТЕУ 
 
Ауылшаруашылық өнімдерінің түріне, пайдалану мақсатына, өткізу орнына және 
тағы басқа жағдайларға байланысты келесідей төрт түрлі кондиция арқылы сапалық 
белгілерге талаптар қойылады: 
• Тұқымдық кондиция; 
• Өндірістік кондиция; 
• Экспорттық кондиция; 
• Дайындау кондициясы (базистік және шектеулік).
Ауыл шаруашылығында бір өнімнің шеңберінде болатын әртүрлі сапалық олардың 
сапасын кеңінен мөлшерлеу /нормалау/ қажеттігі туындатады, соның негізінде мемлекеттік 
және басқа мекемелер мен нысандар өнімді сатып алғанда сапасына қарай ақшасын төлейді, 
соған нормалар талаптарына назар ударады, өйткені олардан өндірілетін өнімнің шығыны 
өзгереді, тіпті сапасы да өзгеруі мүмкін. Мұндай нормалар шикізатты басқа мақсатқа 
пайдаланғанда да қажет. 
Тұқымдық кондицияда – себуге арналған тұқымдық материалдардың сапасына 
қойылатын талаптар қарастырылады. Тұқымдық материал мемлекетік қор болып 
табылатындықтан олардың сапасы тұқым инспекциясы арқылы үнемі қадағаланып 
отырылады.
Себу материалының кондициялары тұқымның сорттық және себу сапалары жөніндегі 
мемлекеттік стандарттарға қосылған. Өте жақсы тұқымға бірінші класты тұқым 
стандарттарының 
талаптарына 
сәйкес 
келетін 
тұқымдарды 
жатқызады. 
Ауылшаруашылығы өндірісінің міндеті жоғары себу кондициялы тұқым өндіру болып 
табылады, өйткені бұл бір өлшем егістікке кететін тұқым мөлшерін азайтады, егін өнімі мен 
сапасын арттырады. Элита және басқа репродукциялы тұқымдарды сатқанда белгілі бір 
сапа көрсеткіші /нормасы/ сақталуы керек. Бұл нормадан ауытқығанда сатып алу бағасына 
түзету енгізіледі: сорттық қосымша ақыны азайтады, немесе мүлде алып тастайды, тіпті 
тұқымды кондициясыз деп есептейді. 
Өндірістік кондиция - әрбір өндіріс саласының талаптары жеке өнім бойынша 
қарастырылған және оны өңдеу кезінде басшылыққа алынатын кондиция болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет