Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет17/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
СӨЖ №9 
Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау және өңдеу технология саласындағы 
негізгі міндеттері 


 
Ауылшаруашылығы өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы – бұл 
ауылшаруашылық өнімдерін алғашқы рет өңдеу, қайта өңдеу және оны сақтау жөніндегі 
ғылым. Былайша айтқанда Сақтау – астық өндірісінің соңғы кезеңі және ол астық пен 
астық массасының сақтау зерзаты /объектісі/ ретіндегі ерекшеліктерін, сонымен қатар оның 
күйіне химиялық және биологиялық факторлардың әсерін оқытатын ғылым.
Ауылшаруашылық өнімдерін сақтау және өңдеу технологиясы курсына өте көп еңбек 
сіңірген профессор, ғылым докторы Л.А. Трисвятский.
Пәннің негізгі мақсаты – ауылшаруашылығы дақылдары өнімдерінің сапасын 
мемлекеттік үлгіқалыптау (стандарттау) негіздері мен оқырман қауымды таныстыру, 
халықтың тұтыну және осы өнімдерді өндіретін шаруашылықтардың мүдделерін қорғау, 
сонымен бірге оларды өнімді сақтауды артық шығынға жол бермеуге бағыттау.
Астық және оның өнімдерін сақтауда төмендегідей негізгі міндеттер ұсынылады: 
Біріншіден –шығынсыз немесе аз шығынсыз сақтау. Сақталатын астық өнімдерінің 
шығын өлшері мен сапасының төмендеу табиғаты жақсы зерттелген. Профессор Л.А. 
Трисвятский /1991/ ұсынған топтау жүйесі бойынша мұндай шығындар биологиялық және 
механикалық болып екі топқа бөлінеді. Кейбір шығын түрлері болмай қоймайды, атап 
айтқанда, астық сақталу кезеңінде тыныс алу нәтижесінде құрғақ заттың шығындалуы мен 
астық массасында еспке алынбаған органикалық заттардың ыдырауы. Алайда сақталуы 
тиімді ұйымдастырғанда бұл шығындар айтарлықтай болмайды және табиғи шығын 
мөлшері негізінде анықтауға болады. Сақтауды дұрыс ұйымдастырғанда шашылу, астық 
өнімдерін құстар, кеміргіштер ен жәндіктердің жоюына, өздігінен қызғандағы және 
микроорганизмдердің дамуының т.б. нәтижесінде болатын астық массасындағы 
шығындарға жол бермейді. Аталған себептерден болатын шығындар, қисынсыз және өзін-
өзі ақталмайды деп есептелінеді, сондықтан тыйым салынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет