Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет20/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143
 Органолептикалық тәсіл. Өнім сапасын анықтауда бұл тәсіл ежелден келе жатқан 
тәсіл болып табылады. Адам сезім мүшесінің көмегімен тұтынатын өнімі жөнінде көптеген 
мәлімет алып отырған. Сыртқы түріне, түсіне қарай отырып, дәннің қаншалықты толық 
пісіп жетілгендігін, көлеміне, сыртқы және ішкі жағдайына байланысты нанның сапасын 
анықтайды. Дегенмен, өнім сапасын осы тәсілмен анықтау барысында субективті 
жағдайларға байланысты кейбір қателіктерге жол беріледі. Алынған көрсеткіштердің дәл 
болуы анықтаушы маманның тәжірибесіне, оның сол кездегі психологиялық жағдайына, 
тіпті оның шынайылығына да байланысты болады.
Лабораториялық тәсіл. Ғылым мен техниканың дамуы барысында өнім сапасын 
анықтаудың күрделі де қолайлы, басқа тәсілдермен салыстырғанда дәлірек көрсеткіш берет 


ін тәсіл- құрал-жабдықтардың көмегімен анықтауды қажет ететін лабораториялық тәсіл 
өндіріске енді. 
Қолданылатын құрал-жабдықтардың жұмыс істеу принципіне, анықталатын сапа 
белгісіне, өңдеу тәсіліне және тағы басқа жағдайлапрға байланысты лабоарториялық 
тәсілді:
- физикалық; 
- химиялық; 
- физикалық-химиялық; 
- биологиялық; 
- технологиялық деп бөледі. 
Физикалық тәсіл. Бұл тәсіл физика заңдылықтарына сүйене отырып, аранйы 
құралдардың көмегімен жүргізіледі. Негізінен аталған тәсілге астық массасы құрамындағы 
компоненттерінің ірілігі мен біркелкілігін анықтау, қант пен крахмалдың мөлшерін 
поляриметрлік әдіспен, еритін құрғақ заттарды, майларды рефрактометрлік жолмен, 
ылғалдылықты электрлік, зиянкеспен зақымдануын акустикалық тәсілмен анықтау жатады.
Химиялық тәсіл. Өнімнің тағамдық құндылығы оның құрамындағы органикалық және 
минералдық заттарға байланысты. Қазіргі ғылым мен техниканың өркендеген дәуірінде 
тұтынатын өнімге жалпылай баға бермей, оның жекелеген көрсеткіштерін де зерттеу қажет. 
Мысалы, өнімдегі фермент белсенділігін анықтау үшін биохимиялық зерттеулер, 
қышқылдығын, тұздың мөлшерін т.б. анықтау үшін химиялық тәсілдер қолдану қажет 
болады.
Физикалық-химиялық тәсіл. Өнім сапасын анықтауда сиректе болса қолданылатын 
тәсілдің бірі. Мысалы, су сіңіру мүмкіндігі, оның суда қойыртпақталуы, т.б. белгілерді 
анықтауда қолданылады. 
Биологиялық тәсіл. Өнім сапасын анықтауда жиі қолданылатын тәсілдің бірі. Өнім 
құрамындағы микробиологиялық көрсеткіштерді, зиянкестердің түр құрамын биологиялық 
тәсілмен анықтайды.
Технологиялық тәсіл. Технологиялық тәсіл болашақ өнім сапасы жөнінде мол мәлімет 
алуға болатын кешенді тәсіл. Өндірісте қолданылатын технологиялық жүйенің бір бөлігін 
алып, өнімді өңдеу арқылы сол жекелеген өнімге сипаттама беруге болады. Айталық, тамыр 
жемістің жаңқасы (стружка) арқылы қант қызылшасының технологиялық өңдеуге 
жарамдылығын, бидай дәнін лабораториялық диірменде тарту арқылы ұнның 
технологиялық қасиеті мен оның шығымын, үлгі нан пісіру арқылы ұнның (дәннің) нандық 
қасиетін анықтайды. 
Лабораториялық тәсіл арқылы сыналған өнім туралы салыстыруға келетін, талдауға 
мүмкіндік болатын мәліметтер алуға болады. Бұл тәсілді қолдануда құрал-жабдықтардың 
дұрыс жұмыс істеуі өте маңызды. Егер қойылған талаптар орындалмаса, онда алынған 
нәтижелер өнім сапасына толық сипаттама бермейді де, ақырында өнімді өңдеуге 
технологиялық жүйені дұрыс таңдауға, сақтау тәсілін дұрыс қолдануға, оны сатуда есептеу 
жұмыстарын дұрыс жүргізуге кері әсерін тигізеді. 
Мемлекеттік стандарт бойынша өнім сапасын анықтау тәсілдері төмендегіше 
жіктеледі: 
- өлшеу (өлшегіш құрал-жабдықтарды қолдану); 
- тіркеу (болған жайттарды, шығындарды немесе құбылыстарды тіркеу); 
- есептеу (алынған көрсеткіштерді жүйелей отырып есептеу); 
- органолептикалық (сезім мүшесінің көмегімен анықтау); 
- эксперттік (эксперт мамандардың шешімін негізге алу); 
- социологиялық (тұтынушылардың сұраныс-талабын сауалнама жүргізу арқылы 
анықтау және оны талдау) тәсіл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет