Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет21/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   143
СӨЖ№11-12 
 
Жинаған астықты қоймада сақтау мәселелері 


 
Астықты жинап алғаннан кейінгі қоймаға тасып, бөгде заттардан, қоспалардан 
тазалау, сапасын жоғалтпай кептіру, оларды өз сұрыптарына, кластарына қарай бөліп 
сақтау – астық қабылдау орындары мен элеваторлардағы және өңдеу өнеркәсіптеріндегі 
үлкен ғылыми-техникалық ұйымдастыруды талап ететін ең негізгі, жауапты үрдістердің 
бірі. Осыған орай, қазіргі кезде шағын шаруашылықтар бұл үрдістерге өте селқос қарап, 
өсіріп алған астықты қалай болса солай сақтап, араластырып олардың сапасын төмендетіп, 
еңбектерін еш кетіріп жүр. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген ғалымдардың үлкен 
ғылыми жетістіктерін табысты пайдалану үшін олардың ғылыми зерттеулеріне көңіл бөлу 
керек. Шаруа қожалықтарының көбісінің кәсіби білімдері жоқ.
Тіркелмелі автокөлік таразыға тартылып, сапасын анықтайтын лабораториялық 
тексерістен бидайды өткізеді. Дәнді тазалау, кептіру, сақтау – элеваторлардағы жауапты 
жұмыс. Астықтың біраз мөлшерінің сапасы төртінші кластан аспайды, қоспалары мен 
жарылған дәндері көп, желімтегі /ақуыздың құрамы 23 пайызға/ жетпейді.
Элеваторлар білікті мамандармен жеткілікті қамтамасыз етілмеген. Қазіргі заманғы 
техникалық жабдықтармен жабдықталған астық қоймалары, элеваторлары астықтың 
сапасын жоғары дәрежеге жеткізіп, дұрыс сақталуына /түсіру, тазалау, кептіру, өңдеу, 
сақтау, тиеу/ мүмкіндік береді. 
Қойма жұмыстарында қолданылатын машиналар мен агрегаттарды дұрыс жинақтау, 
іске қосу және тиімділігі жоғары жаңа сапалы техникамен жарақтандыру, үрдістерді 
механикаландыру және автоматтандыру дәрежесін арттыру қазіргі кезде білікті кәсіби 
мамандардың ғылыми-техникалық жетістіктерді дұрыс пайдалана білуіне байланысты.
Астықты және тұқымды қоспалар қамбаларда, астық қабылдау орындарында, 
элеваторларда негізгі астықтан тазартылып мемлекеттік стандартқа сәйкес келетіндей етіп 
азық-түліктік, жемдік және тұқымдық дән болып бөлініп сақталады. Астық және 
тұқымның талапқа сай болуы еңбек шығынын неғұрлым аз жұмсауға, оны тазалауғажәне 
жіктеуге, технологиялық үрдістердің сұлбасын және тәсілдерін дұрыс қолдануға 
байланысты. 
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өздерінің шағын механикаландырылған 
астық қоймалары жоқтығынан элеваторларға ауыздарын ашып оларға тәуелді болады, олар 
оны пайдаланып элеваторларға алып келген астықты зертханаларында тексерген кезде 
сапасын әдейі төмендетеді де, ал оны сыртқа сатқанда сапасын жоғарылатып, астықтың 
«сапасыны» арқасында пайда тапқылары келеді.
Қазіргі заманымыздың ғылыми жетістіктерді пайдалана білетін әрбір шаруа 
қожалықтарына білікті маман бөлу керек. Олардың қолында астықтың сапасын зерттеуге 
біліктілігі жетеді деген құжаты болуы тиіс. Әр зертхананың стандарттық, метрологиялық 
тексеруден өткен астық тексеретін өлшеуіш аспаптары мен құралдары болғаны жөн.
Үлкен элеваторлардың монополиялық үстемдігін жою, ауыл шаруашылығы өнімдерін 
өңдеп сақтау үшін олардың өздерінде шағын, механикаландырылған, автоматтандырылған 
қоймалар, өңдеуші шағын кәсіпорындар /диірмендер, астық өнімдерін өңдеу орындары/ 
болуы керек. Олар қазіргі талапқа сай жаңа аспаптар мен өлшеуіш құралдар, электронлы 
қондырғылар, компьютерлермен жабдықталуы тиіс.
Сүттеніп – балауызданып пісіп жетілмеген дәнді жинаған кезде оны тез арада кептіру 
керек. Ол дәндер мыжырайған, солып-семген күйінде болады. Әлі пісіп жетілмеген дәнді 
ауа райына байланысты жинап алып, оны дестеде пісіп жетілдіріп, тез арада кептірген жөн. 
Мұндай дәндердің технологиялық қасиеттері төмен болады. Олар сапалы ұн, нан және 
макарон дайындауға жарамайды. 
Солтүстік Қазақстан өңіріндегі астық қоймаға көбінесе ылғалды болып келеді. Оны 
кептіріп сақтау- негізгі мақсат. Астық кептіру жүйесін барынша жетілдіру арқылы дән 
шығынын мейілінше азайтуға, дақылдың сапасын мүмкіндігінше жоғалтпауға болады. Осы 
мақсатта ылғал астықты кептіру кезінде кептіргіштерді қолдану белгілі бір жүйеге 


келтірілген. «Целинная» астық кептіргіштері Қазақ астық және оның өнімдерін өңдеу 
ғылыми-зерттеу институтында көп жылғы зерттеулер нәтижесінде құрастырылған.
Астық кептіргіштерді осы технологиялық жағынан жетілдіру арқылы оның ерекше 
жұмыс істеу принциптері, өнімділігі арттырылды. Ол қондырғылар солтүстік астық сақтау 
қоймаларында, элеваторларында құрастырылып, сынақтан ойдағыдай өтіп, сағатына 20-60 
тонна астық құрғататын қуатты техника жасалып шығарылды. 
Бұл кептіргіштің шығыны аз, пайдаланылуы қарапайым, оны зауытта дайындап 
жасағанда металл көп кетпейді, арнаулы тетіктер де іздестірмейсің. Жанар май үнемделіп 
қолданылады. Қондырғы әмбебап, бидай, арпа, қара бидай, тары, бұршақ, күріш, жүгері, 
сұлы, күнбағыс дақылдарын талғамай кептіреді. Дәннің алғашқы ылғалдылығының қандай 
екендігін таңдамайды және алғашқы қоспалардан астық тазаланбай-ақ бірден кептіріледі. 
Ауыл шаруашылығы машиналарын құрастыруды дамытудың 2010 жылға дейінгі 
бағдарламасында осы саланы дамытудың екі жолы белгіленген болатын: 
- өзімізде бар техника мен жабдықтардың жұмыс істеу қабілетін мүмкіндігінше сақтау 
шаралары; 
- шетелдік жетілген технологиялар мен жабдықтарды өзімізге бейімдеп қолдану. 
Шетел астық кептіргіш қондырғылары біздің астық өнімдерімізді өте жақсы 
тазаламайды 
және 
кептірмейді. 
Өйткені 
шетелдерде 
агротехника 
дұрыс 
қолданылатындықтан астық біршама таза болып келеді. Сол себептен шетел жабдықтары 
мен қондырғыларын біздің астықты өңдеуде қолдану үшін ғылыми тәжірбиелер мен 
зерттеулер жүргізу талап етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет