Жүзім шоқтарын таңерең ертемен, олардың бойында түңгі суық сақталып тұрған кезде
үзеді, егер жеміс шоғының үстінде шық түссе, ол кепкенше үзуге болмайды. Жауыннан
кейін де сақтауға арналған жүзімді 2-3 күн бойы үзуге болмайды. Жинау
қоңыр салқын ауа
райында балауыз жұғыныныа тиіспей пышақ, қайшы көмегімен жүзеге асады
. Зақымдалған жидектерді алып тастайды.
Жүзімді күз-қыс кезінде 0
0
С
температураны ұстап тұра алатын ғимаратта сақтайды. Бұл
мақсатта жылытылған шатырдың асты, қора, құрғақ қоңыр салқын жертөле жарайды. 0
0
С-
қа жақын температурада шірік аз қалыптасады, ылғалдың жоғалып кетуі,
жидектің
демалуын төмендетеді. Температураның сирек өзгеруі, жарықтың енуі жүзімнің сапасын
төмендетеді. Ең алдымен ғимараттарды тазалап, 5 пайыздық мыс және темір купоросы
араласқан әкпен әктеп, күкіртті газбен дәрілеу керек. Жүзімді сақтау кезінде айына бір рет
дәрілеуді қайталап отырады.
Жүзімнің шоқ жемісін жәшікке салып шегелеп рейканың үстіне бір қатар етіп жинайды.
Жәшіктің бетін ашық күйінде бірінің үстіне бірін қатарлап жинауға да болады. Бұл үшін
оның түбіне және бір қырына рейка немесе ағаштан тірек қағады.
Кейбір жүзімшілер мен әуесқой жүзім өсірушілер жүзім шоқтарын үйдің шатырында
сақтайды. Олар жүзім салынған жәшікті сабанға немесе құрғақ жапырақпен орап тастайды.
Жүзімді қысқы сақтау орындарына күн суыта бастасымен, қыркүйектің екінші жартысынан
әрі қарай қоя
бастайды, ал аяз жоқта одан кешірек кірісуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: