Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



Pdf көрінісі
бет31/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Химиялық құрамы. 
Жүзім өсіру біздің заманымызға дейінгі 5 мың жылдықта басталған. Көп өсіретін аймағы 
негізінен- Кіші Азиы. Жүзімнің шамамен он мыңдай түрі кездеседі. Піскен жүзімнің 100 
грамында 154 грамм карбондық гидрат, 1 грамм протеин, 1 грамм май, 21 грамм фосфор, 
0,6мг темір, аз-аздан болса да басқа да элементтер, түрлі дәрумендер, су кездеседі. 100 
грамында 60калория бар.


Жүзім құрамындағы дәрумендер миға өте пайдалы. Түстен кейін қос уыз жүзім немесе 
жүзімнің бір кесе таза сығынды шырынын ішу денеге де, ми жасушаларына да өте пайдалы. 
Калория тұрғысынан 1кг жүзім 1,150грамм сүт, 390 грамм ет, 300грамм нан және 
1,200грамм картопқа тең деп саналады. Бұған қоса емдік қасиеті бар амин қышқылы, А 
және В дәрумені (В1, В2), калий, магний, кальций, йод, цинк, күкірт және марганец секілді 
микроэлементтері де жүзімнің құрамында кездеседі.
Жүзім жидегінің шырынының құрамында: су (65-80%), фруктоза, глюкоза (15-30%), 
органикалық қышқылдар (4-11%), пектин (0,3-1,2%), минералдық заттар (0,3-0,6%), және 
С, В1, В2, РР дәрумендері; провитамин А (каротин) бар. Жүзім мейізінің құрамынан спирт, 
май, шарап (вино), сірке суы (уксус), ашытқылар және өте бағалы өнімдер алынады. 
Жүзім адамның иммунитетін күшейтеді, жүйкені тыныштандырады. Буынға суық 
тигенде қара жүзімді жиі жеген дұрыс. Жүрек шаншып ауырғанда да сары мейізді ет 
тартқыштан өткізіп, балға араластырып, күніне 3 рет рет шай қасықпен ішеді.Шипалы 
жеміс жүзімнің құрамындағы магний адам денесіне де, мидың тынығуына да жақсы әсер 
етеді. Жүзімді бауыр ауруларында, анемияда көп қолданып, құрамындағы жеміс 
қышқылдарын (тартарин, малик, суксиник, фумарин, пирувик, гликолик қышқылдары) 
бүйрек пен ішек жүйесінің жұмысын реттеуде, қанды тазарту, майды ерітуде де 
пайдаланады. Жүзім дененің түрлі вирустарға қарсы тұруын да күшейтеді.
Құрғақ жүзімде су аз болғандықтан оның калориясы өте жоғары, әрі темір мен кальцийге 
өте бай. Жүзім қатерлі ісіктен қорғау да қасиетке ие. Клетка іші молекулаларда ісік пайда 
болуына апаратын еркін радикалдар шабуылдап, тойтару- жүзімге берілген таңғажайып 
қасиет. Яғни ол қатерлі ісік ауруының алдын алады. Екінші жағынан жүзімнің 
құрамындағы ең маңызды заттардың бірі ресвератролдің де ракқа қарсы әсер ету күші бар 
екендігі 1985 жылы Жапонияда жүргізілген зерттеу еңбектерінде де анықталған болатын.
Ресвератроль- жануарлар тарапынан өсімдіктер желінген кезде ауру тудыратын 
факторлардан немесе өте күшті ультракүлгін сәулелерден өсімдікті қорғау үшін 
синтезделетін зат. Ресвератроль көбінесе қызыл, қара жүзімдердің қабықтарында болады. 
Сол себепті жүзім жегенде, оның қабығын қоса жеген дұрыс. 
Жүзім ағашы сабағының жаратылысы жылы субтропиктік аймақтарға өсуге 
қалыптасқан. Жүзім сабағы лиана тәрізді болып шырмалып өседі. Жүзім жылылық пен 
жарықты сүйетін дақыл. Жылылықпен қатар жүзімнің ылғалдылықпен қамтамасыз етілуі, 
жүзімнің ойдағыдай өсуіне, оның өнімінің саны мен сапасына зор ісер етеді. 
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет