Ең басында зеңзақымдалған жидектерде пайда болады. Ол жауыннан,
құрт-құмырсқа
әсерінен, бұталарды дұрыс сақтамағаннан зақымдалуы мүмкін. Ең соңғы жағдайда жидек
сабағынан бөлініп түсуі мүмкін, одан жидектің шашағы жалаңаштанады да, байқалмайтын
шырын бөліне бастайды. Осындай зақымдалған жерде қолайлы жағдай туса, зең пайда бола
бастайды.
Жидектерде балауыз жұғынын сақтап қалуға тырысу керек, себебі ол қорғаныш қызметін
атқарады. Жақсы жетілген жүзімді ғана сақтауға боады. Төсемес бұрын әр бұтақты
жақсылап қарап алған жөн.
Бар болса, аздап зақымдалған,
жетілмеген және құрғақ
жидектерді алып тастау керек. Ондай өңдеу кезінде кішкентай қайшы қолданған дұрыс.
Жүзімді ғимараттарда әр түрлі тәсілмен сақтауға болады:
1.
Ағаш үгінділері салынған 8-10кг-дық жәшіктерде немесе бөшкелерде;
2.
Ілініп қойылған сырғауылдарда;
3.
Қалың және таза сабаннан жасалған төсеніші бар сөрелерде.
Жүзім сақтауға арналған жәшіктер мен бөшкелер таза және бөтен иіссіз болуы керек.
Қолданбас бұрын бұл ыдысты күкіртпен дәрілеп қойса болады. Үгінділер таза, құрғақ
болуы керек. Жәшік немесе бөшке түбіне 2-3 см ағаш үгінділерді салып, үстіне жүзім
шоқтары бір-біріне тимейтіндей етіп салады.
Бір қабатты салып болғаннан кейін үстіне тағы 2-3 см ағаш үгінділерін салады да,
жүзімнің екінші қабатын салады. Осылай ыдыс толғанша қайталай береді. Ыдыс бетін
қымтамай жабады, себебі жәшік немесе бөшке ішіне ауа кіріп тұруы қажет.
Жүзімді сырықтарға іліп сақтаған әлдеқайда оңай. Осындай тәсілмен сақтаған кезде
шпагатпен жүзім шоғының бір ұшын байлайды да, ал екіншісіне келесі ұшын байлайды да,
жүзімдерді бір-біріне тимейтіндей етіп іліп қояды.
Жүзімді сөрелерде сақтаған кезде, олардың ара қашықтығы 25 см болу керек екенін
ескеру қажет. Ұзындығы және тереңдігі 75-80 см етіп орналасқан сөрелерде жүзімді
жайғастыру және тексеріп отыру жеңіл болады. Сөрелерге жүзімді
сорт бойынша
орналастыру керек. Ең бірінші 4-5 см қалың,
таза сабан төселеді, одан кейін жүзімді
орналастырады.
Тағы бір сақтау тәсілі – сабаннан жасалған күл. Бұл сақтау әдісінде, жанып кеткен
сабанның күлін топырақты қопсытпай жинап алу болып табылады.Жүзімді ағаш
үгінділерінен қарағанда, күлде сақтаған жақсырақ, себебі үгіндініің өзі шіруге бейім болып
келеді. Сабаннан жасалған күл шіруге бейім емес және ол
тазартылған материал болып
табылады. Сонымен қатар ол жүзімде ешқандай иіс қалдырмайды., жидектер мен жүзім
шоғын жақсы жауып тұрады да, қорғаныс қызметін атқаратыны байқалады.
Кез келген сақтау тәсілінде зеңмен күресу жолын ұмытпаған жөн. Алғашында,
қоймадағы жүзім жағдайын сақтауға жайғастырғаннан кейін 7-10 күн аралығында тексеру
керек. Одан кейін температураға байланысты сирек тексеріп тұрса да болады. Температура
жоғары болған сайын, жиі қарап тұру қажет. Сөрелердегі жүзімді тексеру кезінде, оны қолға
алып, айналдыра қарау керек. Сырықтарда ілініп тұрған жүзімді сол күйі
тексере берсе
болады. Жәшік немесе бөшкедегі жүзімді тексеру үшін, тексерілген жүзімді салатын тағы
бір ыдыстың болғаны дұрыс. Егер ғимаратта қолайлы жағдай болса, жүзімді кей кезде ғана
тексерсе болады.
Достарыңызбен бөлісу: