Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Астық массасының құрамына және қасиетіне әсер беретін факторлар



Pdf көрінісі
бет110/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Астық массасының құрамына және қасиетіне әсер беретін факторлар 
Астық массасының құрамына әсер беретін факторлардың қатарына мыналар жатады: 
- табиғи-климаттық жағдай; 
- дән және тұқымның сорттық өзгешеліктері; 
- астық өнімін ору және оны тасымалдау жагдайлары
- бастапқы кездегі астықты сақтау жағдайы. 
Табиғи-климаттық жағдай дән-дақылдардың өсіп дамуына, дәндерінің химиялық 
құрамына, олардың сандық мөлшеріне көп әсер береді. 
Жаңбыры көп болатын ылғалды жерде дақылдың өнімділігі жоғары болады да, бірақ 
азот мөлшері аз жиналып дәннің белоктық шамасы төмен келеді. 
Астық дақылының өнімі пісіп келе жаткан кезде ауаның ыстығы 35°-40°С шама 
кезінде дән құрғап кетеді, керекті пластмасса түріндегі заттардың қозғалысы тоқтап қалады. 
Ол толығымен пісіп жетілмейді. Егін даласынан келіп түскен астық массасының құрамында 
өлшемі, салмағы, калпы. химиялык құрамы, биологиялық өзгешеліктері бар әр түрлі 
дәндерден құралады. Осының көп өзгешелікте болуы табиғи-климаттық жағдайда көбірек 
байланысты болады. 
Дән мен тұқымның сорттық өзгешеліктері оның сақталуына көп әсер береді. Әр 
дақылдың сортын технологиялық талап бойынша жеке түсіріп, өңдеп, сақтауға қамбаларға, 
қораптарға, силостарға қоспай жайғастырады. 


Дақылдардың сорттарына байланысты оның химиялық құрамы, оған байланысты 
барлық қасиеттерінде өзгерістері болады. Сондықтан ұндык. нандық, жалпы айтқанда 
технологиялық көрсеткіштерінде көп өзгешеліктері болады. 
Астықты ору жағдайы және сақтауға тасымалдау жүйесі 
Астық массасының құрамы мен қасиеттеріне ору технологиясының әдістері, орудан 
кейінгі өңдеу мен сақтау өзгешеліктері, астықты комбайннан оны жайғастырып сактау үшін 
тасымалдау жұмысының жүргізу жүйесі, техникалык шарттардын орындалу тәртібі т.б. 
әсер етеді. 
Ең бастысы дер кезінде оруды ұйымдастыру және лайықты әдістерді таңдап қолдану 
көп шығынның болмауын тудырады.
Ерте немесе кеш ору астықты сандық және сапалық шығымын көбейтеді. Орудың 
мына әдістері бар: тура комбайнмен ору; егінді жатқызып орып, кепкен соң астықты 
комбайнмен жинап, дәнін бөліп шығару; жаңа индустриялы технологиямен үйінді түрде 
астықты орып, кепкен соң майдалау. 
Астықты тасымалдау жолдары да әр түрлі болып келеді: 
-егіс даласындағы комбайннан астық массасын транспортпен астық кәсіпорындарына 
жеткізу; 
-егіс даласындағы комбайннан астық массасының бір бөлігін тікелей үлкен 
қоймаларға, ал қалғанын фермерлік, астық токтарына тасымалдау; 
- егіс даласындағы комбайннан астықты түгелдей фермерлік кіші қоймаларға, одан 
соң үлкен коймаларға тасымалдау. 
Осы тасымалдау жүйелеріне байланысты астық массасының бастапкы сақталу 
жағдайлары әр түрлі болып келеді. Яғни оның ылғалдылығы және тыныс алу қарқыны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет