1. Шнектерді басқа түрдегі транспортерлармен ауытырды (қырғышы бар транспортер,
сырма);
2. Кептіргіш агрегаты басқа операцияларға байланыссыз,дербес жұмыс істей алды.
3. Жоғарғы шахтаның үстіне қалыңдау қабаты жасалынды;
4. Шаң тазартқыш қондырғысының қалдығы мен тазартқыш
агрегатының қалдығы
жекеленген қораптарға салынды.
Осы атап өтілген өзгерістер 1957 жылы жасалынған (СОБ-1С) мұнарасының жаңа
жобасына СОБ-1С мұнарасының биіктігін 21м-ге дейін жоғарылатты.
Бұл мұнара 5 қабатты үйден тұрды. Кептіргіш шахтасының үстінде 50 тонна
қорап
қойылды. Және жоғарға конвейердің үстіне 37 тонна келген астықка арналған қорап
пайдаланылды. Осыған байланысты мұнарасының өлшемі 12,15х6,4 шамасына өзгерді.
Шнектерді, өздігінен қозғалатын қондырғылар және сырма арқылы ауыстырды.
СОБ-МК және СОБ-1С мұнараларына жалпы ортақ кемшіліктерін келтіруге болады:
Олар тек қана бір кезде бір ғана партияны қабылдап және өңдей алады. Кептіргіштің
өнімділік
шамасы нормаға сай келмеді, темір жолға астықты тиеуде қораптар
пайдаланылмады. Тазартқыштың өнімділігі төмен болды, себебі қабылдау кезінде алдын
ала күрделі қоспаларды бөлу қарастырылмады.
Осы айтылған кемшіліктерді ескере отырып, 1959-60 жылдары жаңа мұнараның СОБ-
32 жобасы жасалынды. Бұл мұнара 1208 тонна астықты қабылдайды. (2-сурет).
2-сурет
. СОБ-32 мұнарасының технологиялық схемасы
1, 2, 5, 11, 13-нориялар,
3, 18- тарақты конвейерлері
; 4, 16, 27- қораптар;
6, 7, 9, 10, 15,
21, 23, 26, 28- конвейерлер;
8-автоматты таразы;
12, 20- сепараторлар;
14, 19, 24-
тасымалдаушылар;
17- үлкен қоспа тазартқыш;
22- қарасұлы бөлгіш машина;
25-астық
кептіргіш
Астықты көліктен қабылдау қондырғысында астық қалдықтарын тазартатын жабдық
қойылды. Мұнараның ішінде алты нория қойылған. Сонымен қатар астық тазартқышы,
триелер, кептіргіш және басқа да жабдықтар бар.
Бұл мұнараның кемшілік қатарына мыналар жатады:
- сепаратордың үстіне қорап қойылмаған;
- автоматты таразы астықты қабылдау және тиеу жұмыстарын жүргізуге кедергі
болады.
Соңғы кезде жаңа түрде жобалар жасалынуда.
Достарыңызбен бөлісу: