Дақылдардың сорттарына байланысты
оның химиялық құрамы, оған байланысты
барлық қасиеттерінде өзгерістері болады. Сондықтан ұндык. нандық,
жалпы айтқанда
технологиялық көрсеткіштерінде көп өзгешеліктері болады.
Астықты ору жағдайы және сақтауға тасымалдау жүйесі
Астық массасының құрамы мен қасиеттеріне ору технологиясының әдістері, орудан
кейінгі өңдеу мен сақтау өзгешеліктері, астықты комбайннан оны жайғастырып сактау үшін
тасымалдау жұмысының жүргізу жүйесі, техникалык шарттардын орындалу тәртібі т.б.
әсер етеді.
Ең бастысы дер кезінде оруды ұйымдастыру және лайықты әдістерді таңдап қолдану
көп шығынның болмауын тудырады.
Ерте немесе кеш ору астықты сандық және сапалық шығымын көбейтеді. Орудың
мына әдістері бар:
тура комбайнмен ору; егінді жатқызып орып,
кепкен соң астықты
комбайнмен жинап, дәнін бөліп шығару; жаңа индустриялы технологиямен үйінді түрде
астықты орып, кепкен соң майдалау.
Астықты тасымалдау жолдары да әр түрлі болып келеді:
-егіс даласындағы комбайннан астық массасын транспортпен астық кәсіпорындарына
жеткізу;
-егіс даласындағы комбайннан астық массасының бір бөлігін тікелей үлкен
қоймаларға,
ал қалғанын фермерлік, астық токтарына тасымалдау;
- егіс даласындағы комбайннан астықты түгелдей
фермерлік кіші қоймаларға, одан
соң үлкен коймаларға тасымалдау.
Осы тасымалдау жүйелеріне байланысты астық массасының бастапкы сақталу
жағдайлары әр түрлі болып келеді. Яғни оның ылғалдылығы және тыныс алу қарқыны.
Достарыңызбен бөлісу: