Құрастырмалы темір бетоннан силостардың мынадай түрлері салынады: силос
корпусы квадратты (3×3м) түрінде құрылыс элементтерінен тұрады; силостық
корпустар диаметрі 6м сақиналардан (3×6м) торымен бірге құрастырылады;
силостық корпустар диаметрі 12м сақиналардан (2×3) торымен салынады. Осы
көрсетілген силостық корпустарды үш түрлі элементтерден
құрастыру жұмыстарын
жүргізгенде артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де бар. Бірінші бағыттағы
силостық корпустарды салудың артықшылықтары:
- индустриялық базаның болуы;
- құрастыру технологиясының толықтығы;
- конструкцияның универсалдығы;
- құрылыс алаңының жақсы пайдалануы;
- жұмыс істеп тұрған силостық корпустарға оңай қосылуы;
-динамикалық ауырлықтың жоқтығы және астықты тиеп жіберудуң оңайлығы.
Кемшіліктері: технологиялық машиналар көп және транспорт құралдары сапалы
қолданылмайды. Екінші бағыттағы силостық корпустарды салу артықшылықтары
біріншідегідей; кемшілігі – индустриялық базасы толық емес.
Үшінші
бағыттағы
силостық
корпустарды
салу
артықшылықтары
алдыңғылардыкімен бірдей, бірақ бірінші мен екіншіге қарағанда онда қолданылатын
технологиялық машиналар аз.
Сонымен қатар қазіргі кезде мынадай кемшіліктері анықталды:
-индустриялық базасы толық емес;
- құрастыру технологиясы толық меңгерілмеген;
- динамикалық ауырлық бар;
-конструкциясы универсалды емес;
-құрылыс алаңы жақсы пайдаланылмайды.
1980 жылдан бері Қазақстанда элеваторлар темір
материалдарынан салына
бастады. Сол үшін Алматыда Бүкілодақтық «Казэлеваторстрой» тресі құрылып,
көптеген облыстарда жұмыс қызу қолға алынуда. Сонымен Қазақстанда элеватор
өндірісінің күшті дамыған жері біздің республикамыз деп айта аламыз.
Бірақ оның әлі де шешеілмеген көптеген проблемасы бар. Оларды қазіргі астық
қабылдайтын кәсіпорындарға талдау жасап анықтауға болады.
Астық қабылдайтын кәсіпорындардың құрылымына көз салсақ, 1-кестеде
көрсетілген элеваторлар бар кәсіпорындарда күнделікті жұмыстар өз алдына бөлек әр
түрлі технологиялық тізбектерде жүргізіледі.
Типтік өте жоғары дәрежеде
механикаландырылған элеватор да өндірістік процессті толық атқаруға қуаты жетпейді,
яғни элеватордың әрқайсысы өз алдына бөлек жұмыс алаңын құрайды. Осы жағдай ең
үлкен кемшілік болып табылады.
Типтік жобамен салынған элеватордың барлығына ортақ кемшілік – олардың
қазіргі кездегі астық өндірісінің оперативтік жұмыстарын толық атқара алмауында.
Көптеген элеваторлар астық автомашинадан жұмыс үйіне қабылдап,
транспортирлер арқылы тікелей норияға береді. Астықты қалыптастыру үшін
қондырғыда жинақтайтын сиымдылықтар қарастырылмаған. Астықтың ылғалы көп
болатын аудандарда кептіруге арнаулы қондырғының қуаты әлі күнге дейін жетпейді.
Қазіргі ғылыми жұмыстар элеваторлардың параметрлік
қатарын анықтауға
бағытталуда. Ол үшін алдымен әр түрлі кәсіпорындағы астық қабылдау мөлшері, оның
техникалық жағынан жарақтандыру жағдайы, құрылымы анықталмақшы.
Келешекте астық шаруашылығының дамуына байланысты элеваторларға өте
үлкен талаптар қойылады, соған сәйкес қоймалар салу басты жұмыс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: