Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау әдістері мен техникасы



Pdf көрінісі
бет4/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Өсімдік өнімдерін өңдеу және сақтау әдістері мен техникасы 
Кәсіпорындарды дұрыс орналастыру қазіргі кездегі басты мәселелердің бірі болып 
саналады. Ол үшін орналастырудың негізгі принциптерін ғылыми жолмен шеше білу 
керек. 
Негізгі принциптің бірі - өнеркәсіп орындарын шикізаттарға және тұтынушы 
аудандарға жақын орналастыру. Бұл принцип астық қабылдайтын кәсіпорындар мен 
элеваторлар жұмысына толық әсерін тигізеді. Өндірілген астықты толық әрі сапалы 
сақтау үшін кәсіпорындардың көпшілігі өндірілетін шикізаттардың көлеміне 
байланысты орналастырады.Астықтың сапасын сақтаумен қатар оны тұтыну 
принциптері де ескеріледі. Бұл принцип, яғни еңбектің ұтымды бөлінісіне және 
экономикалық аудандардың комплексті дамуына толық жағдай жасайды. 
Астық қабылдайтын кәсіпорындар мен элеваторлар шикізаттардың яғни 
өндірілген астықтың көлеміне сай белгіленеді. Олардың орналасуы қатынас жолдар 
үшін де ыңғайлы болуы тиіс. Сонымен қатар бұл кәсіпорындардың күнделікті 
пайдалану үшін энергетикалық және су көздері, құрылыс материалдары толық 
жеткілікті болуы керек. Кәсіпорындардың жобаларында мынадай көрсеткіштер болады: 
сыйымдылығы, тәуліктегі жүк айналымы, тәулігіне және бір сағатта жұмсайтын суы
жылуы, электр қуаты, тағы басқалары. 
Дайындау мекемелері мен министрліктер, жоспарлау орындары көптеген 
экономикалық деректер негізінде экономикалық аудандарда оларды орналастырудың 
тиімділігін анықтады. Ол үшін мына көрсеткіштерге сүйенеді: бір өлшем сиымдылыққа 
келетін күрделі қаржы мөлшері, шикізаттар яғни астық дайындау шығыны, айналыс 
шығыны, күрделі қаржының өтелу мерзімі, тұтынушыларға жеткізуге байланысты 
шығындар. 
Астық қабылдайтын кәсіпорындардың өндірістік -техникалық базасын жасау 
дәнді дақылдар өнімін мол алуға, оны дайындау мөлшерінің артуына тікелей 
байланысты. Қазақстанда астықты өндіру мен дайындаудың артуына қарай астық 
қабылдайтын кәсіпорындардың сыйымдылығы да артты. Кейінгі он жылдан астам 
уақыттың ішінде Қазақстанда элеватор салу қарқыны өте жоғары. 
Үлкен астық қоймаларын, яғни элеваторлар салудың экономикалық тиімділігі 
жоғары. Мысалы, элеваторлар салғанда бір тонна сиымдылыққа келетін күрделі қаржы 
жай қоймаларды салғанда бір тонна сиымдылыққа келетін күрделі қаржыдан 1,5-2,0 есе, 
жұмыс істейтін адамдар саны 48%, ал айналыс шығыны 15% аз. 
Еліміздегі астық дайындайтын және өндірістік элеваторлардың түрлеріне, 
техникалық жарақтануын талдау жасап өттік. Енді Қазақстандағы элеваторлардың 
сапалық құрамын, санын, техникалық сипаттамаларын және орналасуын 
қарастырайық (1-кесте) 


1-кесте Республикадағы элеватор түрлері 
Элеваторлардың 
түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет