Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Тамыртүйнек сапасына өнеркәсіп тарапынан қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет8/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

 
Тамыртүйнек сапасына өнеркәсіп тарапынан қойылатын талаптар. 
 
Тамыржемістің құрылысы. Қант қызылшасының тамыр жемісі конус пішінді, екі тік 
бороздасы бар, олардан жіңішке тамыршалар өседі. Осы тамыршалар арқылы өсімдік 
топырақтан ылғал және қоректік заттар алып отырады. Тамыршалар топырақта 1,5-2,0 м 
тереңдікке дейін жайылып,жанында орналасқан тамыршалармен 2м
2
дейін жердің көлемін 
алып жатады.Қант қызылшасының тамыржемісінің көлденең қимасы 3-суретте келтірілген. 
Тамыржемістің массасы көптеген микроскоптық клеткалардан тұрады. Соның ішінде 
тамыржемістің алғашқы қорғаныс қабаты – эпидермис (1) клеткасы . Ол тығыз, құрғақ, 
клеткаға ылғал өткізбейді.2 – паренхим тканінің клеткасы, мұнда құрамында сахароза және 
суда еритін заттары бар қызылша шырыны негізінен жиналып, сақталады. 3- өткізуші 
тканьнің клеткалары арқылы ылғал және қоректік заттар жапыраққа, ал жапырақтан қант 
және басқа да заттар – тамыржеміске жіберіліп отырады.Қант қызылшасының 
тамыржемісінің көлденең қимасында тамыр-талшықтары сақина тәрізді орналасқан, 
олардың саны 10-12, одан да көп болып келеді. Сақина саны көп және тығыз орналасқан 
сайын, қызылшаның қанттылығы арта түседі. Центрге жақын кәрі тамыр-талшықты 
сақиналары орналасады, ал алыс жас сақиналары орналасады. 
3-сурет. Қант қызылшасының көлденең қимасы 
1-эпидермис клеткасы; 2-паренхим тканінің клеткасы; 3-өткізуші тканінің клеткалары 
Тамыртүйнектің маңызды сапа көрсеткіші - 
сахарозаның болуы, ол тамыр массасының 14 - 20 %
құрайды. Қанттың болуы өсімдіктің сортына, өсіру 
зонасы мен жағдайларына байланысты болады. 
Тамыртүйнектің массасы 200 - 500 г құрайды. 
Бірақ сахароза барлық бөлігінде бірдей болмайды. 
Мысалы, қанттың максималды мөлшері 100 % болатын 
болса, басында 50 – 60 %, мойнында 80 -85 %, 
құйрығында 91 – 94 %, тамырдың орта бөлігінде 100 %, 
болады. Тамыр массасының шамамен 69 % тамыр, 12 % 
басы, 12 % мойны, 7 % құйрығы құрайды. 
Тамыртүйнек құрамында сахарозадан басқа да 
көптеген заттар болады. Қант өндірісі технологиялық 


процесінің негізгі мәселесі – 7,5 % органикалық және бейорганикалық тектегі еритін және 
ерімейтін қант емес заттардан қантты немесе сахарозаны бөліп алу. 
Тамыртүйнектен сахарозаны бөліп алу диффузия жолымен серпімді, яғни тургорды 
жоғалтпаған болуы керек. Тургорды жоғалтқан тамыртүйнек жоңқа түзбейді, ботқа тәрізді 
масса айналады да, диффузия қиындатады. 
Сондай – ақ өте күшті механикалық бүлінген тамыртүйнекті қолдану шектеледі. 
Мұндай тамыртүйнектің тыныс алуы жоғарылайды, микроорганизмдер оңай еніп кетеді, 
сақтауға тұрақсыз болады. Оларда жоңқаның сапасы төмен болады. Осылай бүлінген 
тамыртүйнек 12 % - тен аспауы керек. 
Әйнек тәрізді қабыршақталған немесе қарайған ұлпалардың болуы, көгерген, 
шіріген ұлпалардың болуы мүлдем жіберілмейді. Гүлдеген тамыртүйнек мөлшері - 1% - 
тен, жасыл масса - 3% - тен аспауы керек. Нормадан аса ауытқыш қызылша партиясы 
кондициялы емес болып табылады. 
Тамыртүйнектің әрбір партиясында топырақтың белгілі бір мөлшері болады. 
Олардың массасын анықтайды. 
Партияның сапасы ГОСТ техникалық талаптарына сәйкес бағаланады. Сондай – ақ 
сапасын анықтау әдісі де ГОСТ талаптарына сай келеді. 
Заводтарда өнімділігі 48 сынама / сағ. Қанттылығын анықтау үшін автоматтық линия 
орнатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет