Жоғарыда жазылған процестерге, яғни қыздыру біраз жатқызу, орташа салқындату
және соңғы салқындату циклдарынан өткізуге негіздеп Бүкілодақтық астық ғылыми-
зерттеу институтының Қазақ филиалы «Тың» атты кептіргіш жасап шығарды.
«Тың» атты кептіргіштердің пневмогазды кептіргіштер айырмашылығы мынада:
мұнда кептіргіш түтік жоқ, яғни кептіргіш затпен ылғал астық қоспасы бір бағытта
қозғалмайды.
«Тың» кептіргіш қондырғысында ылғалды астық жоғары шанақтан тамшыдай
дараланып түседі. Осылайша түсіп тұрған астық ағынын температурасы 300-350
о
С
кептіргіш агент 6м/сек жылдамдықпен көлденең кесіп өтепді. Осы кезде кептіргіш пен
ылғалды астық жанасып, дән қызады.Бұл процесс жүретін жерді қыздыру камерасы деп
атайды.Астық ол камерадан жылу және ылғал айырбастау қорапіне жөнелтіледі. Одан
кейінгі процестердің режимі жоғарыдағы пневмогазды кептіргіштегідей болады.
Қазіргі кезде республикамыздың астық дайындайтын кәсіпорындарында «Тың»
кептіргіштерінің көптеген түрін кездестіреміз. Олар: Ц-20,Ц-30, Ц-36, Ц-40, Ц-50,Ц-60 және
Ц-100. 5-суретте астық кәсіпорындары мен элеваторларда кең тараған Ц-50
рециркуляциялы кептіргіші көрсетілген.
Кептіргіш агрегаттары комплексті механикаландырылған үздіксіз тізбектің ең керекті
буынына жатады. Себебі республикамыздың солтүстік облыстарында кәсіпорынға түскен
астықтың ылғалдылығы жоғары болғандықтан, қабылдау және өңдеу технологиялық
тізбегінің жұмысы тек кептіру агрегатының өнімділігіне байланысты. Соңғы жылдары
астық дайындайтын кәсіпорындарда көптеген кептіргіш агрегаттары жетілдіріліп және
қайта жасалды, олардың тиімділігі арттырылды, кептіруу технологиясы сапалы
жүргізілетін болды.
5-сурет. «Тың» кептіргіші (Ц-50)
Достарыңызбен бөлісу: