Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Жалпақ денелер тұқымдасы –



Pdf көрінісі
бет102/143
Дата06.02.2023
өлшемі4,98 Mb.
#65444
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143
Байланысты:
СӨЖ (2022-2023)

Жалпақ денелер тұқымдасы –қызғыш, түрік, суринам және кіші ұн жемірі. 2002 
жылы қызғыш ұн жемірі «Жігер» ЖШС мұнара қоймаларында өте көп кездесті. Бұл 
зиянкестер кең таралған. Қоңыздары мен балаңқұрттары ұнды, ұннан жасалған азықтық 
тағамдарды, әр түрлі жармаларды, кептірілген жемістерді және астық дәндерін қатты 
зақымдайды. 
Қулық қоңыздар тұқымдасынан «Атбасар», «Арасан» сыра зауыттарының 
сынамаларынан күрең, түкті, уақ қулық қоңыздары, ал «Разумович» ЖШС шөп тұқымдары 
сақталған қамбалардан алынған сынамалардан бір түрі табылды, ол –ұры қоңыз. Көп 
қоректі зиянкес. Қоңыздары суыққа төзімді келеді. Астық дәндерін, олардан жасалған 
өнімдерді, кептірілген жемістерді, мақта тұқымын, етті, тағы басқаларын зақымдайды.
Нағыз күйелер тұқымдасынан бір түрі – астық күйесі табылды. 2002 жылы «Жігер» 
ЖШС және «Урицкий» АҚ мұнара қоймаларының астыңғы галлереясында, «Шабақ 
жарған» комхозының қамбаларынан алынған сынамаларда анықталды. Олар бидай, арпа, 
сұлы, астық өнімдерін, қытайбұршақ, бақша дақылдарының тұқымдарын, кептірілген 
нанды зақымдайды. Қатты зақымдалған астық дәндері не тұқымдыққа, не тамаққа, тіпті 
малға азық ретінде де пайдалануға жарамайды. Жұлдызқұрттары дымқылдылығы жоғары 
азық-түлікті ұнатады.
Тескіш қоңыздар тұқымдасынан «Жігер» ЖШС мұнара қоймаларының сыртынан 
алынған сынамалардан бір түрі – астық тескіш табылды. Қоңыздары қоректенбейді. 
Балаңқұрттары дәнді тесіп, ішіне кіріп эндоспермасын зақымдайды.
Астық және олардың өнімдерін зақымдайтын зиянкестер мен кенелердің кездесетін 
түрлерін ғылыми мәліметтермен [1, 2, 3, 7]салыстырсақ, бұрын солтүстік аймақтарда жиі 
кездесетін негізгі түрлері – ұн, қауіпті, Қазақстан, кәдімгі түкті, Родион кенелері, қысқа 
мұртты ұн жегіші, Шеффер тері жемірі, саңырауқұлақ жегіштер, бұғып жегіштер, ұн 
қоңызы, шоқпар мұртты ұн қоңызы, қулық қоңыздар, қамба бізтұмсығы. Бұл 
зиянкестермен бос қамбалар 25-75 %, астыққа толы қамбалар 25,5-74,5 % заладанған 
болса, қазіргі кезде бұл зиянкестердің саны көбейіп, бос қамбалар 85,2 %, толы қамбалар 
86,5 % зақымданып отыр. Сонымен қатар бұрын солтүстік аймақта кездеспейтін 
жәндіктердің кейбір түрлері (шоқпар мұртты, қара күрең ұн қоңызы, күрең, Тянь-Шань тері 
жемірлері, күрең, түрік ұн жемірлері) жиі кездесетін болды. 
Сондықтан астық қорын қойма зиянкестерінен қорғау үшін нақты шаралар жүргізілуі 
қажет. Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан мұнара қоймалар мен қамбалардан 
табылған зиянкестердің сақталатын астыққа елеулі зиян тигізетініне күмән жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет