Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет38/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

144-бап. Толық қауіпсіз мекемелер

1. Толық қауіпсіз мекемелерде жаза мерзiмiнiң бір бөлiгiн толық қауіпсіз мекемеде өтеумен бес жылдан астам мерзiмге сотталғандар, сондай-ақ орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеудің белгiленген тәртiбiн бұзғаны үшiн үш жылға дейiнгi мерзiмге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар ұсталады.

Сотталғандар толық қауіпсіз мекемелерде осы Кодекстiң 89-бабында көрсетiлген негiздер бойынша да ұсталуы мүмкiн.

2. Толық қауіпсіз мекемелерде қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлар белгiленедi.

3. Дағдылы жағдайларда жаза мерзімінің бір бөлігін толық қауіпсіз мекемеде өтеумен, бес жылдан астам мерзімге бас бостандығын айыруға сотталғандар мен қатаң және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.

4. Қатаң жағдайларда орташа қауіпсіз, қауіпсіздігі барынша жоғары және төтенше қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны үшін үш жылға дейінгі мерзімге толық қауіпсіз мекемеге ауыстырылған сотталғандар, қаскөйлікпен бұзушылар деп танылған, дағдылы және жеңілдетілген жағдайлардан ауыстырылған сотталғандар жазасын өтейді.

5. Сотталған жүкті әйелдер мен жанында жас балалары бар сотталған әйелдер, сондай-ақ мүгедектігі бар сотталғандар қатаң жағдайларда ұсталмайды.

6. Жаза мерзімінің кемінде бір жылын өтегеннен кейін, дәрежесі бірінші оң мінез-құлықты сотталғандар жазаны өтеудің дағдылы жағдайларынан жеңілдетілгеніне не қатаң жағдайларынан дағдылысына ауыстырылады.

Ескерту. 144-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
145-бап. Толық қауіпсіз мекемелерде жазаны өтеу жағдайлары

1. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар толық қауіпсіз мекемелерде камераларда ұсталады.

Сотталған адамның жазбаша өтініші бойынша, сондай-ақ сотталған адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген не басқа сотталғандардың немесе мекеме персоналының өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін сотталған адамды оқшаулау қажет болған жағдайларда, мекеме бастығының уәжді қаулысы бойынша және прокурордың келiсiмiмен мұндай сотталғандар жалғыз адамдық камераларда ұсталады.

Қатер төндіретін сотталғандарды, сондай-ақ жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген сотталғандарды ұстау үшін сыйымдылығы үлкен камералар пайдаланылуы мүмкін.

Сотталғандардың өтініші бойынша жалғыз адамдық камераларға ауыстыру жалғыз адамдық бос камералар болған жағдайда жүргізіледі.

2. Сотталғандарды камераларға орналастыру осы Кодекстiң 94-бабында көзделген талаптар сақтала отырып жүргiзiледi.

Жазаны өтеудің қатаң, дағдылы және жеңілдетілген жағдайларындағы сотталғандар бөлек ұсталады.

Шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындау үшiн толық қауіпсіз мекемелерге жіберілген сотталғандар басқа сотталғандардан оқшауланып ұсталады.

3. Сотталғандардың сейілдеуі камера бойынша күндiзгi уақытта арнайы жабдықталған аумақ бөлiгiнде ашық ауада жүргiзiледi.

4. Жазасын қатаң жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар:

1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажеттi заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастыратын қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты екі айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде жұмсауға;

2) бір жыл iшiнде бір сауқат немесе сәлемдеме және бір бандероль алуға;

3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді кездесу алуға;

4) күн сайын ұзақтығы бiр сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.

5. Жазасын дағдылы жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар:

1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;

2) бір жыл ішінде екі сауқат немесе сәлемдеме және екі бандероль алуға;

3) бір жыл ішінде екі қысқа мерзімді және бір ұзақ мерзімді кездесу алуға;

4) күн сайын ұзақтығы бір жарым сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.

6. Жазасын жеңілдетілген жағдайларда өтеп жүрген сотталғандар:

1) ай сайын тамақ өнімдері мен бiрiншi кезекте қажетті заттарды сатып алуға ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатты жеті айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде жұмсауға;

2) бір жыл ішінде үш сауқат немесе сәлемдеме және үш бандероль алуға;

3) бір жыл ішінде үш қысқа мерзімді және үш ұзақ мерзімді кездесу алуға;

4) күн сайын ұзақтығы екі сағаттық сейілдеуді пайдалануға құқылы.

Ескерту. 145-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

23-тарау. КАМЕРАЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДА ҰСТАУМЕН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН
АЙЫРУ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ӨТЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет