Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет47/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56
163-бап. Жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзiтәрбиелейтiн ерлерге жазаны орындауды кейiнге қалдыру

1. Мекемеде жазасын өтеп жүрген жүктi әйелдер мен жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзi тәрбиелейтiн ерлерге сот бес жылға дейінгі мерзімге, бірақ әрі дегенде бала он төрт жасқа толғанға дейін жазаның орындалуын кейiнге қалдыруды беруі мүмкiн.

2. Жазаны орындауды кейінге қалдыру жеке басқа қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бес жылдан астам мерзімге сотталған адамдарға қолданылмайды.

3. Түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстар, бас бостандығын шектеу түріндегі жазасын өтеп жүрген сотталғандардың жазасын орындауын кейінге қалдыру осы Кодекстің 52-бабының сегізінші бөлігіне, 57-бабының төртінші бөлігіне және 69-бабының үшінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.

4. Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға жазаны орындауды кейiнге қалдыруды қолдану туралы ұсынуды немесе оның өтiнiшхатын сотқа жібереді. Бұларға: сотталған адамға мiнездеме; пробация қызметі жасаған, сотталған адамның, сотталған адамды және баланы қабылдауға, оларға тұрғын үй беруге және тұруы үшiн қажеттi жағдайлар жасауға келiскен оның жұбайының (зайыбының) немесе туыстарының тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын зерттеп-қарау актiсi; жүктiлiгi туралы медициналық қорытынды не баласының бар екендiгi туралы анықтама, сондай-ақ сотталған адамның жеке iсi қоса беріледі.

5. Мекеме әкiмшiлiгi сотталған адамға қатысты жазаны орындауды кейiнге қалдыру туралы сот қаулысын алған бойда оны босатады. Сотталған адамнан келген күнiнен бастап бес жұмыс күні ішінде өзiнiң тұрғылықты жерiндегі пробация қызметіне келуі туралы қолхат алынады.

6. Сотталған адам тұрғылықты жерiне бюджет қаражаты есебiнен өзi барады.

7. Босатылған күнi сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметіне босатылған күнi көрсетiлiп, жазаның орындалуын кейiнге қалдыру туралы сот қаулысының көшiрмесi жiберiледi.

8. Пробация қызметі сотталған адам келгеннен кейін үш жұмыс күні iшiнде оны есепке қоюға, босатылған орны бойынша мекемеден оған мінездеме беретін материалдарды сұратуға және бұдан әрi оның мінез-құлқын бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

9. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған сотталған адам босатылған күннен бастап екі апта мерзімде келмеген жағдайда, пробация қызметі бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және заңда белгіленген тәртіппен оған іздестіруді жариялау үшін сотқа материалдар жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет