Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап


-БӨЛІМ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ



бет45/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56

5-БӨЛІМ. ӨЛІМ ЖАЗАСЫ ТҮРІНДЕГІ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУ

Ескерту. 5-бөлім алып тасталды - ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


6-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛҒАН
СОТТАЛҒАНДАРҒА КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ. ШАРТТЫ ТҮРДЕ
СОТТАЛҒАН АДАМДАРДЫ ПРОБАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ

26-тарау. ЖАЗАНЫ ӨТЕУДЕН БОСАТУ



161-бап. Жазаны өтеуден босату негіздері

1. Мыналар жазаны өтеуден босату негiздерi болып табылады:

1) сот үкiмi бойынша тағайындалған жаза мерзiмiн өтеп болу;

2) iс бойынша ақтау үкiмiн шығарумен немесе iс жүргiзудi тоқтатумен сот үкiмiнің күшiн жою;

3) жазаны өтеуден шартты түрде мерзiмiнен бұрын босату;

4) жазаның өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым жеңіл түрiмен ауыстыру;

5) рақымшылық жасау туралы акт;

6) кешiрiм жасау туралы акт;

7) қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiткен тiзбеде көзделген, сотталған адамның ауруы;

Ескерту. 7) тармақшаға өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;

қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

8) заңда көзделген өзге де негiздер.

2. Мекеме әкімшілігі жаза мерзімін өтеген соң босатылғанға дейін бір ай қалғанда, ал басқа да негіздер бойынша – босатылғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді.

Пробация қызметі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді.

3. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден босатылатын адамнан келген күнінен бастап таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады.

4. Сотталған адам таңдаған тұрғылықты жеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражаты есебінен өзі барады.

Ескерту. 161-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 № 84-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет