Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет48/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

164-бап. Жазаны орындауды кейінге қалдыру шарттарын сақтамау салдарлары

1. Қоғамдық тәртiптi бұзуға жол берген, өзiне жазаны орындауды кейiнге қалдыру қолданылған сотталған адамға қатысты, егер кейiнге қалдыру кезеңiнде оған әкiмшiлiк жазалау не тәртiптiк ықпал ету шаралары қолданылған болса не егер ол баланы тәрбиелеуден немесе оны күтiп-бағудан жалтарса, пробация қызметі жазбаша ескерту шығарады.

2. Сотталған адам баладан бас тартқан, не баланы тәрбиелеуден жалтаруды жалғастырған, не бақылаудан жалтарған, не қоғамдық тәртiптi бұзуды жалғастырған жағдайларда, екі рет жазбаша ескертуден кейiн пробация қызметі сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі сотқа жазаны орындауды кейiнге қалдырудың күшiн жою және сотталған адамды сот үкiмiмен тағайындалған жазаны өтеуге жiберу туралы ұсыну енгiзедi. Ұсынуға жазаны орындауды кейiнге қалдыру туралы сот шешімінің көшiрмесi қоса беріледі.

3. Жазаны орындауды кейiнге қалдыру мерзiмi өткеннен кейiн немесе бала қайтыс болған не жүктiлiк үзiлген жағдайларда, сотталған адамның тұрғылықты жерiндегі пробация қызметі оның мiнез-құлқын ескере отырып, сотқа жазаның қалған бөлiгiн өтеуден босату не жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңіліне ауыстыру не оны мекемеге жiберу туралы ұсыну жібереді.


165-бап. Жазаны өтеудiң тоқтатылуы және босату тәртiбi

1. Белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, қамаққа алу, бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеу, заңға сәйкес жаза мерзiмiне енгiзiлуi мүмкiн өзгерiстер ескеріле отырып, жаза мерзiмiнiң соңғы күнi тоқтатылады.

2. Қамаққа алуға және бас бостандығынан айыруға сотталғандар жаза мерзiмiнiң соңғы күнiнiң бiрiншi жартысында босатылады. Жазаны өтеу мерзімінің соңғы күні деп жаза мерзімінің басталуы есептелген күннің алдындағы күн есептеледі.

Егер жаза мерзiмi демалыс немесе мереке күнi аяқталатын болса, сотталған адам демалыс немесе мереке күнінің алдындағы күнi жазасын өтеуден босатылады. Жаза мерзiмi айлармен есептелген кезде, ол соңғы айдың тиiстi күнiнде, ал егер бұл айда тиiстi күн болмаса, онда сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.

3. Сотталған адамға босатылған кезде оған тиесiлi заттары, құнды заттары, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шотында сақтаулы ақшасы және жеке құжаттары, сондай-ақ жазасын өтегенi туралы немесе жазадан босатылғаны туралы құжат берiледi.

4. Қамаққа алу түрiндегi жазадан босатылатын адамның немесе әкімшілік қадағалау белгіленбей бас бостандығынан айыру мерзімін өтегеннен кейін босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттары, оның еңбек кiтапшасы мен зейнетақы куәлiгi, сондай-ақ сотталған адамның жеке ісінде сақталатын өзге де жеке құжаттары оған босатылған кезде қолына берiледi. Сотталған адамның жеке iсiнде жеке басын куәландыратын құжаттары, еңбек кiтапшасы мен зейнетақы куәлiгi болмаған кезде мекеменiң әкiмшiлiгi босатылғанға дейінгі алты ай қалғанда оларды ресімдеу жөнінде шаралар қолданады.

Бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатын, бас бостандығынан айыруды жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру, жазаны өтеуді және мекемеден босатылатын адамды қосымша жазалауды кейінге қалдыру кезінде, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік қадағалау белгіленген, мерзімін өтеген соң босатылатын адамның жеке басын куәландыратын құжаттары таңдаған тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдарына жіберіледі және ішкі істер органдарында және пробация қызметінде тиісті есепке қойылғаннан кейін беріледі.

5. Жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын босату тиiстi құжаттар келіп түскен күнi, ал егер құжаттар жұмыс күнi аяқталғаннан кейін алынса – келесi күнi таңертең жүргiзiледi.

6. Пробация қызметі түзеу жұмыстары түрiндегi жаза мерзімі аяқталған күнi, ал басқа да негiздер бойынша осы жазадан босатылған кезде тиiстi құжаттарды алғаннан кейін келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей, сотталған адам жазасын өтеп жүрген кәсiпорынның, мекеменiң немесе ұйымның әкiмшiлiгiн оның жалақысынан ұстап қалудың тоқтатылғаны туралы жазбаша хабардар етуге мiндеттi. Сотталған адамға жазасын өтегенi туралы құжат берiледi.

7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2), 5), 6), 7) және 8) тармақтарының негізінде қылмыстық iстiң тоқтатылуына, ақтау үкiмiнің шығарылуына байланысты үкiмнiң күшi жойылуы нәтижесінде жазасын өтеуден босатылған адамға жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы оның мүлiктік, еңбек, тұрғын үй және өзге де айырылған құқықтарын қалпына келтiру құқығын түсiндiредi. Босату туралы құжатта сотталған адамнан мемлекет атынан ресми кешiрiм сұралады.

8. Босатылғанға дейін бір ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотталған адамның таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін жібереді.

Пробация қызметі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны одан әрі орындау үшін сот үкімінің көшірмесін алғаннан кейін тиісті мекемеге, сондай-ақ үкім шығарған сотқа хабарлама жібереді.

9. Мекеменің әкімшілігі белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі қосымша жаза түрінің мерзімі өтелмеген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеуден босатылатын адамнан келген күнінен бастап таңдаған тұрғылықты жеріндегі пробация қызметіне бес күндік мерзімде міндетті түрде келуі туралы қолхат алады.

10. Сотталған адам өзі таңдаған тұрғылықты жеріне немесе жұмыс орнына қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес бюджет қаражаты есебінен өзі барады.

Ескерту. 165-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

27-тарау. ЖАЗАСЫН ӨТЕУДЕН БОСАТЫЛАТЫН СОТТАЛҒАНДАРҒА
КӨМЕК ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҚЫЛАУ





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет