Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексi 1-бап



бет54/56
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#123457
түріКодекс
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
kazakstan respublykasynyn kylmystyk-atkaru kodeksi

175-бап. Пробациялық бақылау мерзiмiн есептеу

1. Пробациялық бақылау мерзiмi шартты түрде сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептеледi.

2. Пробациялық бақылау сот үкімінде белгіленген барлық мерзім бойына жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзiмi өткеннен кейін пробация қызметi шартты түрде сотталған адамды өзінiң есебiнен шығарады.

3. Пробациялық бақылау мерзiмiнiң өтуi шартты түрде сотталған адамға iздестiру жариялау туралы сот қаулысының негізінде бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізу басталған кезден бастап тоқтатыла тұрады және сот қаулысы бойынша қайта басталады.


176-бап. Шартты түрде сотталған адамның жауаптылығы

1. Егер шартты түрде сотталған адам:

1) сол үшін өзiне әкiмшiлiк жаза қолданылған, қоғамдық тәртiп пен имандылыққа, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке адамға қол сұғатын және отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаса;

2) электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзса (бүлдiрсе) не дәлелсiз себептермен тiркелуге келмесе немесе пробация қызметiн хабардар етпестен, тұрғылықты жерiн ауыстырса;

2-1) геномдық тіркеуден өтуден жалтарса;

3) қылмыстық теріс қылық жасаса, пробация қызметi сотқа пробациялық бақылау мерзiмiн ұзарту, бiрақ бiр жылдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы, ал кәмелетке толмаған адамға қатысты алты айдан аспайтын уақытқа ұзарту туралы ұсыну енгiзедi, сондай-ақ шартты түрде соттаудың күшiн жою мүмкiндiгi туралы жазбаша нысанда ескерту шығарады.

2. Шартты түрде сотталған адам өзіне сот жүктеген мiндеттердi орындамаған не осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген бұзушылықтарды қайталап жасаған жағдайда, сондай-ақ егер ол пробациялық бақылаудан жасырынса, пробация қызметі сотқа шартты түрде соттаудың күшiн жою және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы, ал кәмелетке толмаған сотталған адамға қатысты – пробациялық бақылау мерзімін ұзарту, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзарту туралы ұсыну енгізеді.

3. Пробация қызметiне тiркелу үшiн келмеген күнінен бастап он бес күннен астам уақыт бойы тұратын жерi анықталмаған шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылаудан жасырынып жүр деп танылады.

4. Шартты түрде сотталған адам электрондық бақылау құралдарын бұзған (бүлдiрген) жағдайда, пробация қызметi акт жасайды.

Электрондық бақылау құралдарын қасақана бұзған (бүлдiрген) жағдайда, сотталған адамдар заңда белгiленген тәртiппен материалдық жауаптылықта болады.

Ескерту. 176-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 31.12.2016 № 41-VІ (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет