Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет142/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

301-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды, прекуорсорларды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау
1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттардығ прекурсорларды өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау -
мүлкi тәркiленiп бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға, ірі мөлшерде жасалған дәл сол әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп алты жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді:
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б) бірнеше рет;
в) есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға, аса iрi мөлшерде;
г) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, сол сияқты есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды, бiлiм беру ұйымдарында не көрiнеу кәмелетке толмаған адамға өткізсе, -
мүлкi тәркiленiп он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
302-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды ұрлау не қорқытып алу
1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттердi:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса;
б) бірнеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса, -
мүлкi тәркiленiп алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, оларды:
а) қылмыстық топ;
б) есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға қатысты ірі мөлшерде;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса, -
мүлкi тәркiленіп он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген, есірткі құралдарына, психотроптық заттарға, оларға ұқсас заттарға қатысты аса iрi мөлшерде жасалған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет