Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет144/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

305-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын заттардың, құрал-саймандардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
1. Есiрткi құралдары, психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, ұқсату, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатында заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу қайта қарау керек, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) адам өз қызмет бабын пайдаланып;
б) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
в) бірнеше рет жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, қылмыстық топ жасаған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
306-бап. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшiн үй-жай беру
1. Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшiн үй-жай беру, -
мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттерді:
а) адам өз қызмет бабын пайдаланып;
б) бірнеше рет;
в) қылмыстық топ жасаса, -
мүлкі тәркіленіп жеті жылдан он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет