Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)


-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет141/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

11-тарау. Халықтың денсаулығына және адамгершiлiкке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
300-бап. Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды өткізу мақсатын көздемей заңсыз айналысу
1. Қоғамдық орындарда есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды медициналық тұрғыдан тыс тұтыну, -
жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
2. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды, прекурсорларды өткізу мақсатын көздемей заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау -
екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
3. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды, ірі мөлшерде өткізу мақсатын көздемей заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау -
үш жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімде қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады.
4. Есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды, аса ірі мөлшерде өткізу мақсатын көздемей заңсыз әзірлеу, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың мөлшері «Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарға ұқсас заттардың ірі және аса ірі мөлшері олар ұқсас болып табылатын есірткі құралдары мен психотроптық заттардың ірі және аса ірі мөлшеріне сәйкес келеді.
2. Жеке тұтыну үшін сатып алған есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды өз еркiмен тапсырған не есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды немесе оларға ұқсас заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған, не Есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың немесе оларға ұқсас заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендi көмек көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет