Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет30/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

46-бап. Қамауға алу
1. Қамауға алу сотталған адамды тағайындалғаның жазаның барлық мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстауды білдіреді.
2. Қамауға алу алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Ұстау мерзімі қамау мерзіміне қосылады.
3. Қамауға алу кәмелетке толмағандарға, жүкті әйелдерге, жас балалары бар әйелдерге, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған еркектерге, елу сегіз жастан асқан әйелдер мен алпыс үш жастан асқан еркектерге, бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедектерге тағайындалмайды.
4. Әскери қызметшілердің қамауда болуы гауптвахтада өтеді.
47-бап. Бас бостандығынан айыру
1. Бас бостандығынан айыру сотталушыны колония-қонысына жiберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегi түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.
2. Үкiм шығару кезiнде он сегiз жасқа толмай бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жалпы немесе күшейтiлген режимдегi тәрбиелеу колонияларына орналастырылады.
3. Осы Кодексте көзделген қылмыстарды жасағаны үшiн бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейiн, ал аса ауыр қылмыстар үшiн жиырма жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына белгiленедi. Абайсызда жасалған қылмыс үшiн бас бостандығынан айыру он жылдан аспауға тиiс. Бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айырумен ауыстырған жағдайда ол алты айға жетпейтiн мерзiмге тағайындалуы мүмкiн. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезiнде бас бостандығынан айыру мерзiмдерiн iшiнара немесе толық қосқан жағдайда және осы Кодекстің 48-бабының үшінші бөлігінде, 72-бабының бесінші бөлігінде және 78-бабының бесінші бөлігінде көзделген жағдайларда бас бостандығынан айырудың ең жоғары мерзiмi жиырма бес жылдан, ал үкiмдердiң жиынтығы бойынша отыз жылдан артық болмауға тиiс.
4. Өмір бойы бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға, әйелдерге, алпыс үш жастан асқан еркектерге тағайындалмайды. Кешірім жасау тәртібімен өмір бойы бас бостандығынан айыру белгілі бір мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін.
5. Бас бостандығынан айыру:
а) абайсызда жасаған қылмыстар үшiн бас бостандығынан айыруға сотталған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшiн бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жаза тағайындалған, алғаш рет сотталған адамдарға - колония-қоныстарына;
б) қасақана кiшiгiрiм немесе ауырлығы орташа және ауыр қылмыс жасағаны үшiн бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға және айыппұл, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу алты ай мерзiмге бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға - жалпы режимдегi түзеу колонияларына;
в) аса ауыр қылмыстар жасағаны үшiн бас бостандығынан айыруға алғаш рет сотталған адамдарға, сондай-ақ сотталған адам бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген болса, қылмыстардың қайталануы және әйелдерге қылмыстардың қауіпті қайталануы кезінде - қатаң режимдегi түзеу колонияларына;
г) қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде, сондай-ақ өмiр бойына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға - ерекше режимдегi түзеу колонияларына тағайындалады.
6. Аса ауыр қылмыс жасағаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға сотталған адамдарға, сондай-ақ қылмыстардың аса қауiптi қайталануы кезiнде жаза мерзiмiнiң бiр бөлiгiн түрмеде өтеу түрiнде, бiрақ бес жылдан аспайтын мерзiмге тағайындалуы мүмкiн.
7. Үкiммен тағайындалған түзеу мекемесiнiң түрі өзгертудi Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес сот жүргiзедi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет