Байланысты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)
7-тарау. Ақпараттық технологиялар қауіпсіздігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар 212-бап. Ақпаратқа, ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-конммуникациялық желіге рұқсатсыз кіру 1. Машиналы сақтағыштағы заңмен қорғалатын ақпаратқа, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі бұзуға әкеп соқтырған ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге қасақана рұқсатсыз кіру, - екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты жасалған дәл сол әрекет, - екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда ауыр салдарларға әкеп соққан әрекеттер - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 213-бап. Ақпаратты заңсыз жою немесе өзгерту 1. Машиналы сақтағышта сақталатын, ақпараттық жүйеде қамтылатын немесе ақпараттық-коммуникациялық желімен берілетін, заңмен қорғалатын ақпаратты рұқсатсыз қасақана жою немесе өзгерту, сол сияқты ақпараттық жүйеге көрінеу жалған ақпарат енгізу, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі бұзуға әкеп соқтырса, екі жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не үш жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға жазаланады. 2. Дәл сол әрекеттер: а) ұлттық электрондық ақпараттық ресурстарға немесе ұлттық ақпараттық жүйелерге қатысты; б) ақпараттық жүйеге немесе ақпараттық-коммуникациялық желіге рұқсатсыз кіру жолымен жасалғанда, - в) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалғанда; үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген: а) қылмыстық топ жасаған; б) ауыр салдарларға әкеп соққан әрекеттер - үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе онсыз, мүлкін тәркілеуге немесе онсыз үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.