Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)



бет121/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

255-бап. Рейдерлiк
1. Заңды тұлғаға қатысу үлесiне меншiк құқығын, сол сияқты заңды тұлғаның мүлкi мен бағалы қағаздарын заңсыз иемденiп алу немесе жиналыстар мен отырыстардың хаттамаларына, олардан үзiндiлерге дауыс берушiлердiң саны, кворумы немесе дауыс беру нәтижелерi туралы көрiнеу дәйексiз мәлiметтердi енгiзу не дауыстарды санауды немесе дауыс беруге арналған бюллетеньдердiң есебiн көрiнеу дәйексiз жүргiзу, акционердiң, басқару органына қатысушының, оның мүшесiнiң немесе атқарушы орган мүшесiнiң дауыс беруге нақты қолжетiмдiлiгiн бұғаттау немесе шектеу, жиналыстардың, отырыстардың өтуi туралы мәлiметтердi хабарламау не жиналыстардың, отырыстардың өтетiн уақыты мен орны туралы дәйексiз мәлiметтердi хабарлау, көрiнеу жалған сенiмхат бойынша акционердiң, басқару органына қатысушының немесе оның мүшесiнiң атынан дауыс беру жолымен, бағалы қағаздарды сатып алудың басым құқығын бұзу, шектеу немесе нұқсан келтiру жолымен жоғары органның шешiм қабылдауы кезiнде дауыс беру нәтижелерiн қасақана бұрмалау не құқықты еркiн iске асыруға кедергi келтiру нәтижесiнде заңды тұлғаның үстiнен бақылау орнату, сол сияқты бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру кезiнде не меншік иесінің құқықтарын шектеуге немесе азаматтардың немесе ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтарын немесе мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерiн өзге де елеулi бұзушылыққа әкеп соққан өзге де заңсыз тәсiлдермен қасақана кедергiлер жасау, -
екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкi тәркiленiп бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айырауға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) қызмет бабын пайдаланып жасалса, -
мүлкi тәркiленiп үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген:
а) қылмыстық топ жасаған;
б) мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адам не оған теңестiрiлген адам, не лауазымды тұлға, не жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адам жасаған әрекет, егер олар оның қызмет бабын пайдаланумен ұштасса, -
мүлкi тәркiленiп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал б) тармағында көзделген жағдайларда өмір бойы белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырауға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет