Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)


-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар



бет123/224
Дата10.12.2023
өлшемі289,36 Kb.
#136622
түріКодекс
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   224
Байланысты:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi (Жоба) (қабылданды)

9-тарау. Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделерiне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар
257-бап. Өкiлеттiктердi терiс пайдалану
Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерiн атқаратын адамның өз өкiлеттiктерiн осы ұйымның заңды мүдделерiне қарсы және өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылықтар алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкi тәркiленiп немесе онсыз төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
258-бап. Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы
1. Жекеше нотариустың, бағалаушының, жеке сот орындаушы-сының, аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудитордың немесе аудиторлық ұйым жетекшiсiнiң өз өкiлеттiктерiн өз қызметiнiң мiндеттерiне қайшы және өзi немесе басқа адамдар, немесе ұйымдар үшiн пайда табу және артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында пайдалануы, егер бұл әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрсе, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабiлетсiз адамға қатысты көрінеу не бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, мүлкiн тәркiлей отырып бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшердегі түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   224




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет